Алматыда Фенербахче футбол клубы бар

c8f6ce7d-e39a-4984-827f-459927af6291.jpg


Алматы қаласында түрік елінің әйгілі клубтарының бірі Фенербахче өз мектебін ашып, жұмысын бастап кеткен. Ресми жетпіс милионнан асқан Түркияда спорттық клубтар көп болғанымен, әлемдік деңгейде танымал өз іштерінде де беделді деген үш клуб бар. Галатасарай, Фенербахче, Бешикташ, соның алғашқысы Галатасарай да Алматы да өнерлі балалар арасында  біраз уақыттан бері, грант жариялап өз білгендерін үйретіп келеді.  Бүгінде Қазақстанның үш ірі алапауыт мегополисі саналатын Алматы, Нұрсұлтан, Шымкент қалаларында мектеп ашу әу бастағы жоспарлары екен. «Бізді араб елдері мен  басқа мемлекеттерден шақыру өте көп болды, бірақ өзіміз Қазақстанды түбіміз бір түркіміз ғой деп қатты қаладық. Бұған дейін Алмания (Германия) мен Әзірбайжан мемлекеттерін де ғана ашқан едік» -,дейді бізбен әңгіме барысында Қазақстандағы Фенербахче спорт клубының генералдық директоры, Сайгын Белекел мырза. 

Спорт тренерлері Түркиядан келген, алды жиырма жылдық тәжрибиесі бар тренерлерден қазақ балаларының аяқ алысы мен  спортқа деген психологиялық көзқарасын сұраған едік.  Жауабы төмендегіше болды : «қазақ балаларының ерекшелігі деп айтуға болады, жүгіруге ерекше бейімділік бар. Спортқа жақын балалардың көбі, тіпті көшедегі балалардың өзі ешкім айтпай жүгіріп жүріп ойнайды, түрік елінде мұндай жоқ. Біздің балалардың (түрік) көпшілігі он бес-он алтыға аяқ басқанда сақал мұрт қоя бастайды, әрі ірілеу болған соң ба, қазақ балалары тапал болғанымен өте шымыр. Айтқанды бірден қағып алады, қазір жиырма бес баламен жүрміз. Бала санын елуден асырмаймыз дегенбіз. Ең керегі сапа, ал тіл туралы сұрап қалдыңыз ғой оған да жауап бере кетейін, ең бірінші осындай талантты балалар еуро лигаға өтуі үшін халықаралық ағылшын тілін меңгеруі тиісті.. Балалар алаңға шықпас бұрын жарты сағат офис ішінде ағылшын тілінен дәрістер өтеді. Бүгінде балалардың дені ағылшынша тренерімен сөйлесіп жүр». 

d83a3657-777e-4ecd-9081-6c6fecfe21c7.jpg

Осы спорт клубының Қазақстанға келуіне ат салысып, қазақ балаларының әлемдік лигада жарқылдап өнер көрсетсе деп армандаған түбі бір Түркия елінің тумасы, «Түркиядағы қазақ қауымдастығы төрағасы»  қазақ азаматы Серкан  Динчтүрікте мектеп құралтайшыларының бірі.  

Алматыдағы Орталық стадионда жатықтырып жүрген аталмыш мектеп бес жастан он алты жасқа дейінгі балаларды қабылдайды, бір айлық ақысы отыз мың көлемінде, ағылшын сабағы да осының ішінде.. Алдағы уақытта қала ішілік жарыстарға балаларды қатыстырып өз бақтарын да сынап көруге бел байлап отыр. Уақыт төреші, ендеше біз де сол күнді асыға күтіп түрік тренерлері жаттықтырған қазақ балаларының жеңісін көруге бек құштармыз.


Аида Кожмамбетова 



Ұқсас тақырыптар