Текелінің бүгінгі келбеті

                WhatsApp Image 2021-05-28 at 12.50.30.jpeg

                Бір кездері кен ордасы болған Текелі

Текелі қаласы 1952 жылы қала деген ресми атауға ие болса да, тарихы әрі де жатыр. 1911 жылы іргесі қаланып, 1927 жылы  кент дәрежесіне көтерілді. 1933 жылы инжинер геологтар М. Юдичев пен  М. Қаділбековтың зерттеу бақылау жұмыстарының нәтижесінде, Текелі өзенінің оң жақ жағалауынан қорғасын, мырыш, күміс, кадмий, германий кендері табылған еді.  Көп ұзамай,  кен орындары ашылып,  халық көшіп келе бастап, Текелі үлкейе келе қала дәрежесіне дейін көтерілді. Алайда бүгін де кен орындарының барлығы жабылған,  қаланың тіршілігіне айналған кен орындары тоқтап қалысымен халықтың көбі көшіп, қала қайтадан үлкен ауылға айналып кету қаупі де туындаған. Текелінің бүгінгі  негізгі  өндірістік кәсіпорындары  "Суфле Қазақстан" АҚ  (ашытқы шығару, 51,4 мың тоннаға жуық), "Текелі тау-кен байыту кешені" ЖШС (13,9 тонна шойын өндіреді),  "Текелі энергокешені" ЖШС (электр жылу энергиясын өндіру, тарату, жабдықтау) сынды үш ірі кәсіпорын.  Текелі жалпы өндірістік қала болған, алайда өндірістік аймақтардың бос болмауы мен, жабдықтардың тозуы қаланың   эконимикасын  бүгінде туризммен дамыту тиімді шешім екеніне көз жеткізді.    

595e1f67-7566-48d6-b768-e026e54040d7.jpg

           Болашағы зор Текелі

Географиялық құрылымы жағынан Текелі-Көксу кентасты алаңда орналасқандықтан  мұнда пирит, висмут, кадмий, ванадий, скандий, платина тобындағы металдарға бай өңір.

Қала маңында туристік нысандарға таптырмас әсем  өлкелер Черкассай, Солдатсай және Қора шатқалдары бар, Қора шатқалына кіре беріс жерде Будда тасы орналасқан, одан әрі шатқалдың бойымен 50 км,  Орта Азиядағы ең үлкен сарқырама Бұрхан бұлақ орналасқан.  Айта кетерлігі тарихи ескерткіштердің қайдан келіп, қанша тұрғандығын ешкім дөп басып айта алмады. Текелі қаласы әкімі орынбасары Айнұр ханым  осы ретте БАҚ өкілдері арқылы тарихшылар мен этонографтарға, өлкетанушыларға Текелінің тарихы туралы деректерді жинауға кіріскендіктерін ескертіп қалды. Қандай да анықталған деректер болса қаламыздың туризімімен байланыстырып тарихи жерлерді насихаттауға  әзірміз деді.

photo5303318282029347675.jpg

Текелі қаласы әкімі Молдахметов Батыр Қайыркенұлы:

"Текелі қаласын келешекте Смарт сити технологиясын енгізе отырып, туристік ХАБ ретінде қарастырамыз, (бұл қала бойынша тач скрин жүйесі бар интерактивті ақпараттық жабдықты орналастыруды және Бұрхан бұлақ сарқырамасына дейінгі барлық туристік бағыттар бойынша free Wi-Fi тегін интернетпен қамтамасыз етуді білдіреді). Туризмді дамыту мақсатында қала аумағында 4 учаскені абаттандыруды жобалау бастап кеттік".

Текелі қаласында "Текесу"  туристік кешен жұмыс істеп тұр, бұл аумақта 400 метрлік және 800 метрлік сырғанақ жолы, баллонмен, шанамен сырғанауға арналған жолы бар туристік база бар. Сонымен қатар мұнда қыс мезгілінде шаңғы және сноубордта сырғанау, жазда тау велосипедімен экстремалды сырғанау жолдарымен де серуендей аласыз.   Болашақта жаяу, вело-, мото- туризм, қысқы спорт түрлері, парапланеризм, құзға шығу бойынша федерацияларды орналастыруға арналған модульдік үй-жайлары бар "Горняцкий" шағынауданындағы (алаңы-1 га) жер учаскесін абаттандыру, сондай-ақ гидтер мектебін орналастыру жоспарлануда.

 photo5303318282029347680.jpg

Текеліде Халықаралық Университет бой көтереді

2000 жылдары қол қойылып, келісімге келген Орталық Азия Университеті болашақта Текелі қаласының шырайын одан әрі аша түспек. Орталық Азия дегенде бірден есіңізге Алматы қаласындағы ЦАУ  түскен болар, бірақ бұл Орталық Азия Университеті қорының жетекшісі Карим Ага-Ханның жетекшілігімен ашылмақшы, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінде келісімге келген оқу ордасы. Қырғыз елі мен Тәжікстан да ашылған университеттің макеті сызылып, ақырын жұмыстары басталып кеткен. Салынбақшы кампустың құны 200 млн АҚШ долларын құрап отыр. Бүкіл қаражаты Карим Ага-Ханның қорының есебінен төленеді. Ішінде студенттер жатаханасы қалашығы, Университет ғимаратын салу  мен жан жағын абаттандыру қолға алынбақ. Оқу ордасы халықаралық деңгейде болғандықтан  ағылшын тіліне басымдық бермек. Университетте өз кезегінде Текелінің дамуына, инфоқұрылымы мен экономикасына әсер етері сөзсіз.

photo5303318282029347723.jpg

Текелі -Алматы

Аида Қожмамбетова

 

 

 

 

 


Ұқсас тақырыптар