Таланттарды іздейміз

IMG_6583.JPG

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институт бастығы генерал-майор Асқар Мұстабековтың қолдауымен институттағы әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру қызметі 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Таланттарды іздейміз» тақырыбында сайыс ұйымдастырды.

 

Сайыс шарттары жарияланғалы бері, 30-жуық әскери қызметшілердің балалары қатысуға ниет білдірді. 15 күн ішінде талантты балалар онлайн форматта ән салу, би билеу, көркем сурет салудан, музыкалық аспаптарда ойнаудан өз өнерлерін паш етті.

Сайыс қорытындысын әділқазы алқасының саралау нәтижесінде, жүлделі орынға ән салудан 9 жасар Ерәмір Майкеев, көркем сурет салудан 12 жасар Амира Утешова, аспаптарда өнер көрсеткен 14 жасар Арайлым Шарахмет және би билеуден 7 жасар Айша Жүнісова иеленді. Сайысқа қатысқан балаларға сыйлықтар табысталды.

-  Балаларды қорғау біздер үшін үлкен міндет екені сөзсіз. Бала – елдің болашағы. Жаздың алғашқы мерекесі әлемдегі болып жатқан жағдайларға байланысты кейбір шектеулердің талаптарын сақтау мақсатында онлайн өткізілуде, - деді сайыстың бас төрайымы Ақбота Мұстабекова.



Ұқсас тақырыптар