Педиатрия орталығында балалар күні атап өтілді

1.jpeg

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында  Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай екі күннен бері бірнеше шара өтті.

 Мерекелік шаралар кеше «Шашки ойнау» сайысы, «Өнер», «Қызықты викторина» білім додасы,  «Балалардың сурет және қолөнер көрмесі» байқауымен басталды.

 Айтулы мерекеге арналған шараны Педиатрия орталығының басшысы Риза Боранбаева ашып, барша қауымды мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.

 Байқауға орталықтың бес бөлімінде ем алып жатқан балалар қатысты. Олар 1 кезеңде ән айтып, би билеп, түрлі аспапта ойнап, өнерлерін паш етсе, 2 кезеңде Zoom платформасы арқылы «Қызықты викторина» білім додасына қатысып, білімдерін сынады.  Викториналық сұрақтар «Кітап әлемі», «Әуенді тап!», «Ертегілер әлемі» тақырыптарына арналды. Үшінші кезеңде балалар шашки ойнап сайысқа түсті. Шара барысында «Балалардың сурет және қолөнер көрмесі» қойылды.

 Мерекелік шара бүгін, 1 маусым күні «Спорт сайысымен» жалғасты.

5.jpeg

 Эстафеталық жарысқа балалардың ата-аналарынан құралған төрт команда қатысты. Бес кезеңнен тұратын қызықты ойындар тартысты өтті. Эстафеталық ойын ән мен бимен өрілді. Ата-аналар ерекше дайындықпен келгендерін көрсетті.  Әсіресе, бар өнерлерін паш еткен таныстыру бөлімі көпшіліктің көңілінен шықты. Әр бөлімнің жанкүйерлері де аса дайындықпен келіп, балалармен бірге белсенді қолдау жасады. 

 Эстафеталық жарыс қорытындысы бойынша, Бас жүлде №2 онкогематалогия бөлімінің «Фиксики» командасына бұйырды. Сыйлық - Тауға саяхат! Ертең команда тау бөктеріне саяхатқа шығады. Құттықтаймыз!!!

 Ал, «Шашки ойнау» сайысы бойынша І орынды София Насырова (№2 онкогематалогия бөлімі) иеленді. ІІ орынға Гулрух Абдурахманова (№3 онкогематалогия бөлімі) ие болды. Шахрух Якупов (№4 онкогематалогия бөлімі) ІІІ орын жеңімпазы атанды. Барша марапат иелерін құттықтаймыз!

 Сурет байқауында қазылар алқасы бірауыздан барлық суреттерді үздік деп тапты. Барлық қатысушы 25 балаға «Help Today» қоғамдық қорының сыйлықтары табысталды.  Сондай-ақ, «Help Today» қоғамдық қоры сурет байқауының қатысушыларын арнайы дипомдармен  марапаттап, сыйлықтар үлестіріп, барша балаға тәттілер мен сусындар таратты.

9.jpeg

Шара барысында орталықта ем алып жатқан балалардың тілегі жазылған шарлар ұшырылды. Тілектері қабыл болсын! Армандары орындалсын! Шын жүректен тезірек құлан таза сауығып кетуін тілейміз!

 Шараға қатысқан барша ата-аналар мен балаларға алғысымызды білдіреміз! Мереке құтты болсын!



Ұқсас тақырыптар