«Сен жалғыз емессің» кітабының тұсау кесері өтті

1.jpg

3 маусымда  «Алматы Әйелдер Орталығы» ұжымының ұйымдастыруымен үш жылдық еңбектің нәтижесінде жарық көрген  «Сен жалғыз емессің» атты кітабының тұсаукесері өтті. Туынды  ҚМДБ сараптауынан өтіп, оң баға алған. Кітап авторлары – Халықаралық  дәрежеде сертификатталған  білікті маман ЛАУРА СЕЙІТБЕК және коуч, тренер, тұлғалық даму бойынша эксперт - РОЗА АШИРБАЕВА.

Қазақстан қонақ үйі, Grand Ballroom залында қыз-келіншектердің басын қосқан іс-шарада ел алдында жүрген ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Қаракөз Сүлейменова, Алматы қалалық қыз-келіншектер секторының басшысы, Алматы орталық мешітінің ұстазы Айнұр Жарқынбекқызы және әнші Жазира Байырбекова кітаптың тұсауын кесті.  Ән шашуымен әнші Ғазизхан, әнші Бағлан Әбдрайымов және бүгінде сахна төрінде жүрген, халықтың сүйіктілеріне айналған өнер иелері мен руханият пен мәдениеттің дамуына қызмет етіп жүрген жандар келді. Кешті талантты актер  Дәулет Бижанов жүргізді. Кітап авторларын танымал дизайнер Аида Кауменова да құттықтап келді.

WhatsApp Image 2021-06-04 at 16.22.02.jpeg

Алматы Әйелдер Орталығы – қыз-келіншектер даму академиясы, ол - саналы және сапалы өмірге, қыз-келіншектердің денсаулығы мен жан саулығына жол сілтеуші. 3 жыл бұрын онлайн платформада  негізі қаланған орталықтан бүгінде Қазақстан бойынша ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі  қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр бауырлар да білім алуда. Орталықтың негізі 2018 жылы маусым айында қаланды. Құрылтайшылар - әйел  денсаулығы бойынша эксперт, Халықаралық  дәрежеде сертификатталған  білікті маман ЛАУРА СЕЙІТБЕК және коуч, тренер, тұлғалық даму бойынша эксперт – РОЗА АШИРБАЕВА. АӘО-ның миссиясы - әр қыз-келіншектің тұлғалыққа ұмтылып, денсаулығына дұрыс қарап, рухани дамып, бақытты, табысты болуына, ертеңгі қоғамға нағыз тұлғаларды тәрбиелеп шығаруына ықпал ету. Іс-шарада Алматы Әйелдер Орталығының кезекті туындысы – Lauline гигиеналық майы таныстырылды. Бұл май интимдік гигиенаны сақтау, түрлі аурулардың алдын алуда шипасы мол.

2.jpg

 «Сен жалғыз емессің» кітабы - тұлғалық дамудың жаңа сатысына шыққысы келетін, бақытқа, табысқа, сапалы, саналы өмірге ұмтылған әрбір қыз-келіншекке арналған. Әлеуметтік желідегі кітаптың онлайн тұсаукесерінде сатылым ашылып,  3 сағаттың ішінде-ақ 1500 дана кітапқа тапсырыс қабылданды. Күн санап, қызығушылық білдіріп, тапсырыс берушілер саны артуда.



Ұқсас тақырыптар