«Зерде-ҚазИТУ» олимпиадасының 8 жеңімпазы университетте тегін оқитын болды

i43-Hn51GNc.jpg


Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті  еліміздің ертеңі болар жастарды қолдаудан тыс қалмақ емес. Оқу ордамыздың 20 жылдығы қарсаңында жас талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауда, түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету мақсатындағы  республикалық «ҚазИТУ-Зерде» пәндік олимпиадасының  ұйымдастырылуы осыған дәлел.

Үйде отырып, ой - білімімен онлайн сайысып,  ҚазИТУ -дан грант ұтып алуға мүмкіндік беретін мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Зерде-ҚазИТУ» республикалық пәндік олимпиадасы осымен 5-жыл қатарынан өтіп отыр.

Олимпиадада әрбір оқушы өз таңдаған бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткен жағдайда университеттің грантына ие болады. Байқаудың мақсаты мен ережелерін кеңінен насихаттау барысында әр түрлі аймақтарда кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

 Республикамыздың бірнеше аймағын қамтыған олимпиадаға 1000-нан астам талапкер қатысып өз білім деңгейлерін көрсетті. Сараптамға  сәйкес осы жылы олимпиада қатысушылары арасында химия-биология және физика-математика пәндері бойынша таңдау басым болды.

iGDkCH9x8rY.jpg

Пәндік олимпиада 2 тур бойынша өткізілді. 1-турда қатысушылар арнайы платформада таңдау пәндері бойынша 2-деңгейлі тест тапсырды. Тестілеу форматы  6 кластерде: физика, математика, география, химия, биология, ағылшын тілі пәндерінен болды. 2-тур онлайн сұхбаттасу түрінде арнайы сарапшылардың қатысуымен  өтті.

Олимпиаданың шешуі турына ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар онлайн сұхбат барысында өздерінің білім деңгейін, өмірлік ойлау позициясын, болашақ мамандығына деген талпынысын, ораторлық қабілеттерін көрсетуге тырысты. Қатысушылардың арасында «Алтын белгі» иегерлері, түрлі халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен оқу үздіктері болды.  Талапкерлердің сапалық деңгейі сарапшыларды қуантты.

Жалпы қорытынды бойынша төмендегі талапкерлер ректорлық грантпен қатар 50%, 30%, 20% көлемінде жеңілдіктерге ие болды. 


РЕКТОРЛЫҚ ГРАНТ   ИЕГЕРЛЕРІ

АТЫ-ЖӨНІ

ТАҢДАУ ПӘНІ

АЙМАҒЫ

МЕКТЕБІ

Сартаубай Аяулым

Биология-Химия

Алматы облысы   Райымбек ауданы

Сарыжаз орта мектебі

Серикова Асел

Биология-Химия

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Ғ.Айдаров атындағы   ЖББ №1 мектеп лицейі

Мырзахан Сезiм

Биология-Химия

Жамбыл облысы,   Қордай ауданы

№4 Б. Бөлтірікова   атындағы мектеп лицейі

Тасмуханова Рауана

Биология-Химия

БҚО, Атырау қаласы

М.Әуезов атындағы №   7 орта мектебі

Нұрбай Салтанат

Физика математика

Алматы облысы Жамбыл   ауданы

Мыңбаев ауылындағы   орта мектеп

Сахипкереева Диана

Физика математика

БҚО Бөрлі ауданы

Бумакөл мектеп   балабақша кешені

Исаханова Гауһар

Физика математика

Қызылорда облысы   Шиелі ауданы

№ 181 ЖББ қазақ орта   мектебі

Нуртазина Алина

География-математика

СҚО, Мамлют ауданы

№1 Мамлют   мектеп-гимназиясы

ОҚУ АҚЫСЫНА 50%-   ЖЕҢІЛДІК  ИЕЛЕГЕН ТАЛАПКЕРЛЕР

Зейнел Елнұр

Биология-химия

Қызылорда қаласы

Абай   ат. үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары   бар мектеп

Булатова Жайна

Биология-химия

БҚО Казталов ауданы

Жаңажол орта жалпы   білім беретін мектебі

Аптөреева Шапағат

Физика-математика

Түркістан облысы Кентау қаласы

№ 14 әл-Фараби   атындағы мектеп-гимназиясы

Турсынали Аида

Физика-математика

Қызылорда қаласы

№264 мектеп-лицейі

Амангелді Ерасыл

Физика-математика

Алматы облысы Іле   ауданы

№ 28   мектеп-гимназиясы

Толепберген Арайлым

Физика-математика

Алматы облысы Іле   ауданы

№ 28   мектеп-гимназиясы

ОҚУ АҚЫСЫНА 30%-   ЖЕҢІЛДІК  ИЕЛЕГЕН ТАЛАПКЕРЛЕР

Әли Аружан

Биология-химия

Жамбыл облысы,   Қордай ауданы

№2 М.Ломоносов атындағы   орта мектеп

Шералы Назерке

Биология-химия

Шымкент қаласы,   Әл-Фараби ауданы

№84 Жалпы орта білім   беретін мектебі

Абдікерім Аяулым

Биология-химия

Жамбыл облысы

Меркі ауданы

№ 39 Т.Қожакеев   атындағы ЖББ мектеп гимназиясы

Инкарова Айсулу

Физика-математика

Түркістан облысы   Қазығұрт ауданы

«Заңғар» ЖББ орта мектебі

Әділбек Асылзат

Физика-математика

Қызылорда облысы

№143 ЖББ орта   мектебі

 

Арнайы марапаттау рәсіміне ҚазИТУ ректоры Г.Сарсенбекова қатысты. Гүлнар Әлібекқызы жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, талапкерлерді сертификаттармен марапаттады.

 «Зерде ҚазИТУ-2021» республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті сіздері жаңа оқу жылында асыға күтеді.

Студенттік баспасөз қызметі

 

 

 

 

 



Ұқсас тақырыптар