Өзбекстан сапарынан

WhatsApp Image 2021-07-24 at 15.07.20.jpeg


Қазақстандық он бес журналист, шілде айында  Өзбекстан еліне жеті күн сапар шекті. Түркітілдес журналистер қорының кезекті жобасымен шыққан журналистерді,  Ташкент, Самарқан, Бұқара қалаларында жергілікті туризм басқармасына қарасты гидтер күтіп алды. Жоба Өзбекстан Туризм және спорт министірлігінің қолдауымен жүзеге асқан еді. Мақсат Өзбекстандағы тамаша, орта ғасырлық архитектуралық ескерткіштердің сырына үңіліп, Өзбекстан жеріндегі туризмнің даму барысын өз көздерімен көру болатын. Рас, Қазақстанға келетін туристердің дені тек табиғат үшін келер болса, өзбек жерінде орта ғасырлық, тіпті бзб дейінгі тарихи кешендерге келеді. Алғашқы екі күнді Ташкент қаласында өткізген журналистер бұл жерде, тарихи нысандар мен қатар Ташкент қаласымен танысты. Ташкенттің көшелері өте кең, сондықтан болар, халық саны бес млн ға жетіп қалды десе де, кептеліс жоқ. Екінші назар аударатыны жасыл желектер өте көп, ботаникалық бақтардан бөлек көше бойының бәрінде ағаштар отырғызылған. Белдеу Шымкент қаласының ауа райы, халық туристер көп келетін болғандықтан, батыстық мәдениетті бойларына сіңіріп үлгерген. Екінші тоқтаған жер ол Самарқан қаласы болды,  «Самарқанның көк тасы еритін күн» деген терминмен таныс Самарқанда біздің жеке гидіміз болған Онара ханым ерекше ықласпен қарсы алды. Самарқанның көшелерінің өзі Әмір Темірмен байланысып тұр, барша түркі жұртына ортақ әлемді жаулап алуға талпынған Әмір Темірдің бүкіл үрім бұтағымен өздеріне  арнап салған сарайы мен бейіті де осында. Көзбен көрмей сенбейтін алтын жалатқан зәулім сарайлар бірнеше ғасыр өтсе бүлінбей сақталып мына ғасырға жеткені таңдай қақтырады. Сондай ақ қазақ журналистері Самарқан қаласында  «Ұлы жібек жолы» атты  халықаралық туризм университетінің алғашқы магистрантарын ұлықтау рәсіміне қатысып қайтты. Кампус өте замануи, биылғы жылы шетелдік сексен балаға мемлекет есебінен грант тағайындалып отыр. Осы салтанатты шараға арнайы келген,  Өзбекстан Туризм және спорт министірі Азиз Абдухакимов қазақ журналистерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Алдағы уақыттағы біршама жобаларды талқыға салып, Өзбекстан мен Қазақстан арасында әлі де туризмдік бағытта бірлесе жұмыс істеу жалғасын таба беретінін баса айтты. 

WhatsApp Image 2021-07-24 at 15.07.23.jpeg

Үшінші бағыт Бұхара қаласы болатын, қала ерекше тақуалықтың, мұсылмандық пен байланысқан нағыз исламдық ошақ.  Бұхарада медресе көп болуымен де атағы шыққан, 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары да  осында оқып, білімін жетілдірген. 

Бұхара қаласында, Бұхара облысы әкімінің  Туризм және спорт жөніндегі орынбасары Шахриеров Ботир Заукидинович журналистермен арнайы кездесіп, журналистерге кішігірім кәде сыйларын тарту етті. Өз кезегінде Түркітілдес журналистер қоры президенті Нәзия Жоямергенқызы да арнайы Қазақстаннан әкеле жатқан сыйын тарту етті. Екі жақты келісімдер болып, қыркүйек айында тағы бір жоба барысында қазақ журналистері Бұхара қаласына келетін болды.

«Біздің бұл бірінші жобамыз емес, Түркия елінде журналистер жіберіп жүрміз, жақында ғана бір топ журнаист Түркияның бірнеше  қалаларына тегін сапарлап қайтты. Аймақтық журналистерде мүлдем мүмкіндік жоқ десе де болады, мен осы сапарда да Орал, Көкшетау, Түркістан, Талдықорған  облыстарын көбірек қамтуға тырыстым, және барлық шығынды Өзбекстан көтеріп отыр.  Қыркүйек айында тағы қазақ журналистері Өзбекстан жеріне сапарлаймыз деп отырмыз» -деді Түркітілдес журналистер қорының президенті Н. Жоямерген. 

WhatsApp Image 2021-07-24 at 15.07.19.jpeg

Бұхара қаласындағы тағы бір жағымды жаңалық, Қазақстандық журналистер мен  Бұхара облысының жергілікті журналистер қауымы кездесіп, сұқбат беріп, алдағы уақытта жобалар аясында  бірлесе жұмыс істеуге уағадаласты. 


Аида Қожмамбетова 

Ташкент-Самархан-Бұхара 



Ұқсас тақырыптар