Жастар және зайырлылық принциптері

1561624541_whatsapp-image-2019-06-27-at-12-42-49-1.jpeg


Бүгінгі таңда саналы ұрпақ жан-жақты ақпаратқа, жаңа технология үрдісіне жоғары қызығушылық танытуы – заңды құбылыс. Кез-келген ақпаратты жедел қабылдап, оған  қатысты пікірін де айқын жеткізе алады. Бұл зайырлы елдің негізгі қағидалары. Жастар ұлт пен этносына қарамастан, ерікті түрде сапалы білім алуына құқылы. Яғни діни, саяси, кәсіптік, техникалық және өзге салада да білім ала алады. Сонда зайырлылық дегеніміз не?

Зайырлылық! Бұл біздің еліміздің мемлекеттік құрылым түрі. Яғни, зайырлы мемлекетте дін үкіметтің ісіне, ал билік өкілдері діни ұйымдардың ісіне араласпайды.

Осы ретте білім беру мекемелерінде оқушылар мен студенттер қауымына зайырлылық принциптерін түсіндіру, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану бойынша ақпараттық жұмыстар қатары жолға қойылған. Біздің облыстың оқу орындарында да дәрістер оқу, түрлі кездесулер, семинарлар өткізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Өңірлік дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жастардың сауалдарына үнемі жауап береді. Ондағы басты мақсат –зайырлы елдің қағидаларын түсіндіру. Өйткен кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің конституциялық құрылымын білген абзал.

Жастар тарапынан зайырлылық, жат ағымдардан сақтану туралы тақырыптарға жоғары қызығушылық бар. Ненің дұрыс, ненің бұрыс, туындаған мәселеден қалай шығу керек екені жөнінде сұрақтарын үнемі қойып отырады. Жалпы, мемлекеттік саясат, төзімділік мәселелеріне көңіл бөлу керек. Бұл түсініктердің өз шеңбері бар. Елімізде зайырлылық принципі бойынша билік органдары діни бірлестіктердің ісіне араласпайды, алайда олардың қызметі ҚР «Азаматтық кодексі», «Қылмыстық кодексі» және «Діни бірлестіктер және діни қызмет туралы» Заңы бойынша қадағаланады. Қаншалықты барлық дін өкілдеріне бірдей құқық берілген, соншалықты олар заң алдында бірдей дәрежеде құқықтық жауапкершілікке тартылады, - дейді орталық мамандары.

Зайырлылық – әлем елдерінің басым бөлігінің таңдауы, қоғамдық тұрақтылық пен келісім кілті. Зайырлылық – ол дін емес. Егер зайырлылық өз алдына дін болса, онда жастарымыздың оған қарсы психологиялық наразылық танытуы, өзінің діни сенімін қорғау мақсатында мемлекетке оппозициялық мінез танытуы объективті тұлғалық қасиет саналар еді. Бірақ зайырлылық – дін де, идеология да, идея да емес, ол – ұстаным. Яғни, ең алдымен зайырлылық ұстанымының мәні мен табиғатын тану – шарт.  Біз зайырлылық туралы күнделікті естігенмен, оның сипаты, ұстанымы не екенін жетік білмейді екенбіз. Зайырлы елдің азаматы ретінде өз құқығымызды да дұрыс білмейтінімізді жасыратын емес. Сондықтан ақпараттық топ жүргізетін кездесулердің маңызы өте зор. Білмегенімізді естіп, сұрап, мемлекеттік құрылымның өзекті тармақтарынан, теріс діннің қоғам үшін тигізер зияны мен зардабы туралы да хабардар боламыз. Жат ағымның жетегінде кеткен таныстарымызды қалай оңалтуға болатыны жөнінде біраз ақпарат алдық, - дейді кезекті ақпараттық-түсіндірме тобы жүргізген кездесудің қатысушысы, жергілікті жоғары оқу орнының студенті Нұрбек Жұмағалиев.

 

ШҚО ДМЗО маманы Әсем Жылқышева



Ұқсас тақырыптар