ҚазИТУ-да студенттер мерекесіне орай 100 кг торт дайындалып, оқытушылар флеш-моб биледі

WhatsApp Image 2021-11-19 at 14.31.19.jpeg


17 қараша - Халықаралық студенттер күні аясында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Қызыққа толы студенттік өмір!» атты мерекелік іс- шара өтті. Бұл шараны студенттер үшін ұстаздары, оқытушы-профессорлар қауымы әзірледі. Мерекелік бағдарлама барысында кафедра меңгерушілері, оқытушы – профессорлар студенттерді құттықтап, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Ә.Сәрсенбекованың атынан ҚазИТУ-дың қоғамдық – мәдени өміріне белсенді араласып, жастар саясатына өзіндік үлесін қосып жүрген студенттер марапатталды.


WhatsApp Image 2021-11-19 at 14.31.19 (1).jpeg


ҚазИТУ ұжымы студенттерге керемет тосын сый ұсынды. Арнайы Халықаралық студенттер күніне орай әзірленген 100 килограммдық «Whoopie pie » торты мерекенің ажарын ашты. Дәмді тортты дайындауда тек сапалы өнімдер қолданылды. Торт 4 қабаттан құралып, түрлі жеміс - жидектермен безендірілді. Студенттерге университет асханасында дастархан жайылып, барлығы торттан дәм татты.


Студенттер күні ұстаздар дайындаған мерекелік концертке ұласты. Бұл кештің ашылу салтанатында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Сәрсенбекова құттықтау сөз айтып, студенттерге студенттік билет тапсырды.


WhatsApp Image 2021-11-19 at 14.31.20.jpeg


ҚазИТУ колледжі Әлеуметтік пәндер кафедрасының оқытушысы Динара Жанбыровна Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйін тартып, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Шолпан Рақымжан «Аппақ Гүлдер» әнін орындады. Оқытушылар құрамы дайындаған флешмоб биі ұсынылып, университеттің кафедра меңгерушілері "Мекенім Қазақстан!" әнімен концерттік бағдарламаны аяқтады.


Мереке соңында Студенттер үйінде тәлімгерлер, студенттер мен ата-аналар ашық алаңда мерекелік кездесу өткізді. Тәлімгерлер тобы мерекелік дастархан басында студенттермен сұхбаттасып, фотосессия жүргізіп, ата-аналарымен байланысқа шықты.

WhatsApp Image 2021-11-19 at 14.31.19 (2).jpeg



Ұқсас тақырыптар