НАТО мен Ресей соғысының сұлбасы: Ертісбаев кімнің сойылын соғады?

«Қара қыпшақ Қобыландыда не бар еді, құлыным», - деген Ақжол бидің сөзі мемлекет және қоғам қайраткері, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамбет Ертісбаевқа қарата айтылғандай.

1706521466198902.jpg

Өмірі қара аспанды төндіріп, жан-жағын жайпап жүретін Ерекең бұл жолы өзінің «YouTube» арнасында: «НАТО Ресейге соғыс ашуы мүмкін», - деп болжам жасап, айды аспанға шығарды.

Нұрекеңнің кезінде БАҚ бетін бермейтін Ерекең сүйеушісі кеткен соң, Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланған еді. Саяси ұстанымын 180 градусқа өзертті. Осындай тұрақсыз, қазақ сынап дейтін жан енді бәрін жинап қойып, Путиндік Ресейдің жандайшабына айналуға ниет еткен сыңайлы. Сыңайлы дейтініміз өзінің YouTube-арнасындағы:

«НАТО-ның қырғиқабақ соғыстан кейінгі ең ірі жаттығуы басталды. НАТО Ресейге шабуыл жасауы мүмкін. Алайда бұл ұйым мұны ашық айтпайды. Ең басты стратегиялық алянс құжатында Ресей НАТО-ға мүше елдерге тікелей қауіп төндіретін ел қатарына жатқызылған. Ал Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус өз сөзінде Ресей тарапынан болатын шабуылға дайын болу қажеттігін айтқан. НАТО Балтық жағалауы елдері, Польша, Батыс Балқан, Молдавия шекарасындағы ыстық нүктеде ірі оқу-жаттығу өткізейін деп жатыр. Бұл жай емес, 90 мың сарбаз, 31 мемлекет, 50 кеме, 80 жауынгерлік ұшақ,133 танк т.б. қатысатын оқу-жаттығу мамыр айына дейін созылады», - деген сөзі.

Сонда Қазақстан Халық партиясының төрағасы кімнің сойлын соғып отыр. Және Қазақстан мен АҚШ арақатынасын суыту үшін Кремльдегі қожалары аузына сөз салып отыр ма?

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар