Қазақстан: Ресейден аулақ, Қытайға азырақ, Батысқа көбірек

Қазақстан Ресей аумағы мен порттары арқылы мұнай мен газ тасымалдауды азайтып, балама бағыттарға басымдық беруге тырысуда. Ресей аумағынан тыс бағытта Қазақстан 2022 жылы 1,91 млн тонна мұнай мен газ тасымалдаса, 2023 жылы ол көрсеткіш 3,73 млн тоннаға жеткен.


Мұнай экспорты азаймайды, SK NEWS

 

Қазақстан Ресей аумағынан тыс бағытты антиресейлік санкцияға ұшырамау үшін және Ресей тарапынан болатын түрлі қысым рычагтарына тап болмау үшін іске асыруда. Алайда соған қарамастан КТК құбыры басты мұнай тасымалдаушы торап болып қалуда.

 

Қазақстанның Ресейден тыс негізгі мұнай тасу бағыты Әзербайжан арқылы өтетін Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры болып отыр. Соныме бірге Грузияның Поти және Батуми порттары да басымдыққа ие бола бастаған. Ақтау порты арқылы Бакуге өткен жылы 1,468 млн тонна мұнай жеткізілген, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 0,250 млн тонна еді.  

 

Негізінен бұл бағытта мұнайды жөнелткен компаниялар Теңізшевройл, Total&Dunga,  «Жайық мұнай», «Бозашы мұнай» саналады. 2023 жылы Қытайға керісінше мұнай тасымалдау 2022 жылмен салыстырғанда 4 пайызға азайған.

 

Қазақстан билігі Транскаспий бағытына басымдық беруді тоқтатпайтынын айтты. Алдағы уақытта бұл бағыт арқылы мұнай жөнелтуді 3 млн тоннаға дейін арттыру жоспары тұр. Бұл тұрғыдан Баку-Супса бағыты арқылы да мұнай тасымалдауды арттыру бойынша талқы жүруде.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар