Ресей консулы: Қазақстаннан Ресейліктердің кетуіне басты себеп - қазақ тілі!

Ресейдің Алматыдағы жаңа Бас консулы Дмитрий Тураев ресейлік БАҚ-қа сұхбат беріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстар туралы сөз еткен.

1707828924737274.jpg

«Қазақстанда Ресейдің достары көп», - деп сөз бастаған Тураев соңғы жылы Қазақстаннан Ресейге қайта қоныс аударғандардың саны да едәуір екеніне тоқталған.

«2023 жылғы желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша, Қазақстанда 50-80 мың ресейлік азамат қалған. Ал 2022 жылы олардың саны 400 мыңға жуық болды», - дейді Тураев. Оның айтуынша, «ресейліктердің Қазақстаннан жаппай кетуі – оларда белгілі бір қиындықтардың бар екенін көрсетеді».

1707828720370803.jpg

(Фотоколлаж Azattyq Rýhy)

РЕСЕЙ ЭМИГРАНТТАРЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН ОРЫС ТІЛДІ ЕЛ БОЛМАЙ ШЫҚТЫ

Қазақстанға босып келген Ресей азаматтарының Қазақстаннан қайта кетуінің негізгі себептері деп 3 үлкен себепті атаған. Олар:  Жұмысқа қабылдау кезінде қазақ тілін білу талабы. Онан соң көші-қон режимін қатайту және жылжымайтын мүлік бағасының өсуі.

Осыған дейін Қазақстанда ресми түрде жұмысқа орналасқан Ресей босқындарының саны 25 мыңға жуықтайтыны айтылған еді. Ал Қазақстандық БАҚ: «Ресей саяси эмигранттары Қазақстан мен Қырғызстанды орыс тілді мемлекет санап, бұл жақта орыс тілінде емін-еркін гәпіреміз деп келген. Қазір Ресей эмигранттары үшін дәл осы екі ел – Қазақстан мен Қырғызстан ең қиын елдер болып шықты», - деп жазады.

Ал Ресейдің Алматыдағы Консулы Дмитрий Тураев өз сұхбатында Қазақстанда қылмыс жасап, қамауға алынған Ресей азаматтары туралы айтқан.

«Мен жауапты консулдық округтегі (Алматыдағы) тергеу изоляторлары мен түрмелерде 104 Ресей азаматы отыр. Оларға: Күш қолдану, зорлық-зомбылық жасау, шекараны заңсыз өту, алаяқтық, соның ішінде компютерлік технологияларды пайдалану арқылы жасалған қылмыс түрлері бойынша айыптар тағылған», - дейді.

1707828672908590.jpg

ҚАЗАҚСТАНДА РЕСЕЙДІҢ ДОСТАРЫ КӨП

Ресей консулы өз сұхбатында Қазақстандағы орыс диаспорасына Ресей көңіл бөліп, жан-жақты қолдау жасайтынын айтқан.

«Қазір әлемдегі геосаяси ахуалдың тым ушығып кеткені белгілі. Әсіресе, Ресей мен орыс азаматтарына қатысты да жағдай күрделі. Дейтұра, Ресейдің достары әлемнің әр түкпірінде бар. Әсіресе, Қазақстанда Ресейдің достары жетерлік. Ресей билігі әлемнің әр қиырындағы орыс диаспораларын назардан тыс қалдырған емес. Қазақстандағы орыс диаспорасы да Отанымыздың қолдауын жеткілікті сезініп отыр», - дейді Тураев.

Консул Тураев өз сұхбатында Ресейдегі мобилизация кезінде Қазақстанға қашып келген Ресей азаматтары туралы да сөз еткен.

«Ресейде мобилизация басталғанда, Қазақстанға 400 мыңнан астам Ресей азаматы өткен. Ал 2023 жылдың желтоқсанының соңында Қазақстанға қалғандарының саны 50-80 мыңның аралығында ғана болды.

Алғашқыда олардың дені эмоцияға беріліп, қашып келгендер еді. Ал таңдаудың дәл Қазақстанға түсуінің басты себебі – визасыз режим болды. Тілдік кедергінің болмауы болды. Цифрлы коммуникацияның дамығандығы болды. Жеңілдетілген салық пен арзан тұрғын үйлер болды. Балалы отбасылар үшін орыс тілді мектептердің жеткілікті болуы себеп болды.

Ал енді олардың Қазақстаннан кетуінің себебі – жұмысқа тұруда мемлекеттік тілді, яғни, қазақ тілін білу туралы талап болып отыр. Сондай-ақ, көші-қон режимінің күшейтілуі де олардың Қазақстаннан кетуіне сбееп болуда. Екі жылда Қазақстанда тұрғын үй бағасы да аспандап кетті», - дейді Консул мырза.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар