Ереванның демаршы. ҰҚШҰ-ның ыдырауы басталды ма? Қазақстан қайтпек?

Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ-ОДКБ) мүшелігін тоқтатты. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

1708667591908221.jpg

«Біздің пікірімізше, ҰҚШҰ келісімі Арменияға қатысты орындалған жоқ. Әсіресе, 2021-2022 жылдары. Біз бұл жағдайды елеусіз қалдыра алмадық. Сол себепті біз ҰҚШҰ-ға мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылдадық. Әрі қарай, жүре көрерміз», - деді Армения премьер-министрі Пашинян.

Армениядағы Ресейдің әскери базасы жабыла ма? Бұл сұраққа премьер-министр Пашинян: «Дәл қазір бұл туралы талқы жүріп жатқан жоқ», - деп мәлімдеді.

«France24-ке» берген сұхзбатында Никол Пашинян: «Мәскеу үстемдік ететін ҰҚШҰ-ға Арменияның мүшелігі тоқтатылды», - деп сөйлеген.

Осыған дейін Ресей СІМ-і: «Армения билігі ҰҚШҰ-ға қатысты бұлқан-талқан болуды доғаруы тиіс», - деп мәлімдеген еді.

«Біз ҰҚШҰ-ның әрі қарай дамуына мүдделіміз. Бұл үшін Армения да ұйымның жұмысына араласуын арттырып, мүшелік міндеттемелерін қалыпқа келтіруі керек. қазір біздің армян әріптестеріміз ұйым жұмысынан сырт қалып отыр. Біз Еревандағы әріптестерімізді БАҚ бетінде бұлқан-талқан болмай, қалыпты жұмысқа оралуға шақырамыз», - деген РФ СІМ орынбасары.

Айта кетейік, соңғы жылдары Ереван ҰҚШҰ жиындарына қатысуды тоқтатқан. Ал биыл ақпанда Пашинян: «Енді Армения Ресейге кері бұрылмайды. Оның алдында әскери-әріптестік байланыстарды әртараптандыру міндеті тұр. Біз қауіпсіздік саласында өзге елдермен бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз. Мысалы, ЕО-мен, Франциямен, Потенциал бар. Мысалы, АҚШ-пен, Иранмен. Бұл да мүмкін. Бұл санатта Үндістан да бар», - деп мәлімдеген еді.

ҰҚШҰ-ға Армениядан өзге, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан мүше. Ал ҰҚШҰ-ның қазіргі бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов. Ал Қазақстан қоғамында ҰҚШҰ-дан (ОДКБ) шығу туралы бірнеше жолы арнайы петиция жарияланған. Алайда, Қазақстан билігі әзірге бұл туралы талқылаулар бастаған жоқ. 

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар