F-35 ұшақтары Украина соғысына қатысуда ма?

АҚШ әскері Украинада F-35 ұшақтарын қолдануда ма? Бұл сұрақ бүгінде әлемдік БАҚ-тың басты талқы тақырыбының біріне айналды. Ақпараттың БАҚ беттеріне шығуына себепкер болған Сингапур қорғаныс министрі Нг Энг Хенгтің 28-ақпанда айтқан пікірі болуда. Оның пікірі Сингапур Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланды.  


Эксперт оценил стремление Украины купить у США истребители F-35 - Газета.Ru

 

Ол өз баяндамасында әлемдегі жағдайдың қиындап бара жатқанын айтып, әскери жағдайды қуатты етуге шақырған және дипломатияға қашанда мүмкіндік берілу керектігін айтқан. Министр Ресей мен Украина соғысы, ХАМАС пен Израиль қақтығысы, Тайуань аралы маңындағы жағдайды сөз еткен. Ол әлемдегі жағдайдың аумалы-төкпелі күйіне байланысты қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны көбейтіп, оны ЖІӨ-ның 3 пайызына жеткізуге шақырған.

 

Министр Сингапур қорғанысын күшейту үшін АҚШ-тан 8 дана F-35 ұшақтарын сатып алуға тапсырыс бергенін айтты. Парламент бұл ұсынысты қолдаса, онда 2030 жылға дейін аталған ұшақтар Сингапурға жеткізілмек.

 

«АҚШ пен Ұлыбритания әскерінің F-35 ұшақтары Таяу Шығыста ДАИШ содырларына күйрете соққы жасады. Жақында АҚШ-тың F-35 ұшақтары Украинадағы Ресей әскери бөлімшелерінің зениттік зымыран кешендерін анықтауға қатысып, нәтиже көрсетті. Ақпаратты артынша НАТО елдеріне берген еді», - дейді Сингапур министрі.   

 

Сингапурдың қорғаныс министрі АҚШ-тың F-35 ұшақтары Ресейдің әскеріне соққы жасаған-жасамағанын жария етпеді. Бұған дейін Батыстық ақпарат көздері АҚШ-тың барлау дрондары Қырым маңындағы әскери нысандарды анықтау операцияларына қатысқаны жайлы жазған болатын.

 

Пентагон БАҚ беттеріндегі ақпаратты жоққа шығарды. «АҚШ Украинада F-35 ұшақтарын қолданып жатқан жоқ», - делінген Пентагон хабарламасында.

 

Әскери сарапшылар Украина майданында Батыстық ұшақтар қолданылған емес деген ойда. Алайда соңғы уақыттағы Ресей ұшақтарының Украинада жиі апатқа ұшырауын «Батыстық ұшақтардың құпия түрде соғысқа қатысуымен» байланыстыратындардың саны артқан. Дегенмен оған ешқандай дәлел жоқ.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар