Қанды ақпан, қырылған сарбаз: Ұлыбритания Ресейдің шығынын атады

Украинаға Ресей басып кірген сәттен бері 355 мың әскерінен айырылған. Бұл туралы Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі хабарлады. Соғыс басталған сәттен кейін ең көп шығын 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында болған және күндік шығын орта есеппен 983 адамды құрайды. Бұл қаза тапқандар мен жараланғандарды қоса есептегенде дейді Ұлыбритания тарапы.


В Новосибирск доставили более ста гробов с телами солдат – DW – 22.02.2023

 

Ұлыбритания барлау қызметінің ақпаратынша Ресей билігі адам шығынына қарамастан соғысты жалғастыруға дайын. Ресей қалалар мен елді-мекендерді басып алуда көптеген адам және техника шығынын қажет ететін тікелей шабуыл тактикасынан бас тартпады дейді ағылшын барлауы.

 

Ақпан айында Ресей әскері Донецк облысындағы Авдеевка қаласын басып алды. Қаланы алу операциясында Ресей әскері аталмыш соғыстағы ең үлкен шығынға ұшырады, күн сайын қаза тауып, жараланғандар саны орта есеппен 983 адамды құраған. Алайда «сайлау алдындағы саяси міндеттерді орындау үшін Ресей билігі сарбаздарды шабуылға жіберумен болды» дейді Лондон.  

 

The New York Times-қа пікір білдірген сарапшылар «Ресей әскеріндегідей адам шығыны көп болса, Батыстық мемлекеттер кез келген соғысты тоқтатар еді, алайда Мәскеу мен Ресей қоғамы үшін адамның құны төмен» дейді.

 

Ақпан айында Пентагон Ресей әскерінің шығыны 60 мың адам деп бағалады. Ал жараланғандармен қоса алғанда олардың саны 315 мың адамды құрайтынын айтқан болатын. Ресей 2022 жылы Украинаға кіргізген әскерінің 90% жоғалтқан және оның орнына 2023 жылы жаңа резервтерді кіргізген.

 

«Ресейді адам шығыны тоқтатуы екіталай. Ресей адами ресурсының көптігінен майдан даласына жаңа резервтерді қосуға қабілетті. Сол себепті де шабуылды үдетуде», - дейді АҚШ-тың сыртқы саясатты зерттеу институтының маманы Роб Ли.

 

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскері екі жылда 180 мың сарбазынан айырылғанан айтты. Ал жараланғандар саны 500 мыңнан асады дейді.

 

Ресей Қорғаныс министрлігі аталған ақпараттарды толық жоққа шығарады. Соңғы рет Ресей қорғаныс билігі әскери шығынды 2022 жылдың қыркүйегінде атап, 5937 сарбаз қаза тапты деп мәлімдеген болатын. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар