Украинаға 800 мың снаряд қашан беріледі?

Украина әскеріне қажетті 800 мың артиллериялық снарядты сатып алу жалғасуда. Қажетті қаражат Украинаны қолдайтын серіктестер тарапынан толық жиналды. Снарядтар наурыздың ортасында және сәуірдің басында майдан даласына келіп жетпек. Снарядтарды жеткізу үш-төрт аптаны алуы мүмкін. Ол келісім жасау мен оны жеткізуге байланысты дейді Bloomberg басылымы.


Из миллиона – всего 30%: как ЕС ищет снаряды для Украины - Korrespondent.net

 

Украинаға снаряд сатып алуды ұсынған Чехия болатын. Ендігі таңда ЕО аумағынан тыс елдерден снарядты сатып алу және оны Украинаға жеткізу міндеттері Чехияның тікелей жауапкершілігінде. Қазіргі уақытта жүздеген Чехия және Украина азаматтары Штернберг қаласында күні-түні жұмыс істеуде. Олар Excalibur Army компаниясына тиесілі нысанды Украинаға снаряд жеткізу бойынша алып хабқа айналдыру жұмыстарымен шұғылдануда.  

 

Чехия президенті Петр Павел ақпан айында өткен Мюнхен қауіпсіздік конференциясында ЕО аймағынан тыс елдерден 500 мың дана 155 ммтрлік снрад және 300 мың дана 122 калибрлі снардтарды тапқанын мәлімдеді. Ол қаржы болса, снарядтарды жылдам арада сатып алып, Украинаға бір айдан астам уақыт ішінде жеткізу мүмкіндігі барын айтты.  

 

Чехияның ұсынысын қабыл алып, Германия, Германия, Латвия, Литва, Нидерланды, Дания, Канада, Франция және Польша қаржы бөлуге келісті. Әскери сарапшылар Ресейдің шабуылдарына төтеп беру үшін Украина әскеріне айына 200 мың данадан көп снаряд қажет. Қазіргі сәтте Украина бұл снарядтың бестен бір бөлігін ғана қолдануда. Снаряд тапшылығы Авдеевка ұрысында айқын көрінді.  

 

Чехия Украинаға снаряд сатып алудан бөлек, арнайы Киевке арнап снаряд шығауһруды іске асыруда. Ол міндетті Czechoslovak Group (CSG), компаниясы іске асыруда және аталмыш компания «Укроборонпром» компаниясымен Украина жерінде зауыт ашуды да талқылауда. Әзірге Украина снарядтың орнын дрондармен толықтырып, тапшылықты азайтуға тырысуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар