Ресей: Қаржы азайып, банкрот көбейді...

Ресейде компаниялар арасындағы банкрот саны көбейді. 2024 жылдың алғашқы екі айында банкротқа ұшыраған ресейлік компаниялар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 60%-ға көп.


Банкротство граждан :: Новости :: Правовое управление :: Управления ::  Подразделения - Администрация и городская Дума муниципального образования  город-герой Новороссийск

 

2023 жылдың қаңтарында 364 компанияны банкрот деп таныса, 2024 жылдың қаңтарында 571 компания банкрот деп танылған. 2023 жылдың ақпанында 478 компания банкрот жарияласа, 2024 жылдың ақпанында 771 компания банкрот болған. Салыстырмалы түрде қаңтар айындағы банкрот компаниялар саны өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 57%-ға, ал ақпан айында өткен жылмен салыстырғанда 61%-ға артқан. Бұл елдегі қаржылық саясаттың қиындауы және санкция салдарынан дейді мамандар.

 

Ресейде 2023 жылға дейін банкрот жариялаушы компаниялар саны азайған болатын. Ресей ақпарат көздері 2021 жылы 10306 компания банкрот жарияласа, 2023 жылы олардың саны 7400 болғанын жазды. Банкроттықты азайтуға пандемия кезеңіндегі жеңілдіктер әсер еткен. Алайда 2023 жылдан бастап банкрот компаниялар саны қайта еселеп көбейе түсті.

 

Сарапшылар көптеген компаниялар банкроттық жариялау арқылы мемлекет және несие беруші актор алдындағы қарызын өтемеуге тырысатынын айтуда. Алайда бұл ұзақ тексерісті қажет етеді. Банкроттық жариялау көрсеткіші арта түскен сайын, өзге несие берушілердің Ресей нарығына деген қызығушылығы да төмендей бермек дейді қаржыгерлер. Мысалы соңғы уақытта қытайлық инвесторлар Ресей компанияларына инвестиция салуды осы көрсеткішке байланысты азайтқан.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар