Путиннің уәдесінің құны: Млрдтаған доллар, трлндаған рубль...

 

Путин 29-ақпанда Федералды кеңеске жолдау арнап, алдағы жылдары іске асыратын жобалар мен бағдарламаларын таныстырды. Наурыздағы сайлаудан кейін Ресей басшысы аталмыш бағдарламаларды іске асыра бастамақ. Reuters басылымы Путин уәде еткен бағдарламаларға қанша қаражат кететінін есептеп шықты. 


Путин сколько зарабатывает: официальная зарплата у президента

 

29-ақпандағы жолдауында Путин кедейлікті азайтатынын, халықтың өмір сүру жасын ұлғайту бағдарламаларын іске асыратынын, әлеуметтік жағдайды жақсартатынын айтты. Ол отбасы құндылықтарына, демографияға қатысты жобалар ұсынды. Экономиканы әртараптандыру жайлы сөз қозғап, шикізатқа байланбаған экономика қалыптастыру бойынша ұсынысын келтірді.

 

Astra Asset Management компаниясының инвестиция бойынша директоры  Дмитрий Полевойдың ойынша бұл бастамаларды іске асыру үшін бюджеттен жыл сайын 2 трлн рубль қаржы бөлінуі қажет. Ал Росбанк сарапшылары 6 жылға кемі 15 трлн рубль қажет деген болжамын айтуда.

 

Путиннің бағдарламаларының ішіндегі ең көп қаржыны қажет ететіні инфрақұрылымды жақсартуға қатысты ұсынысы, оның құны кемі 4,5 трлн рубль болмақ.

 

Отбасылық ипотеканы ұзарту ұсынысын іске асыруға 1,5 трлн рубль қаражат кетеді. Аталмыш бағдарлама арқылы Ресей билігі бала туу көрсеткішін арттыруды ойластыруда. Путиннің ауруханалар салу және оларды жабдықтау туралы уәдесін іске асыруға 1 триллион рубль қаражат қажет. Ал мектептер мен балабақшаларды модернизациялау жобасы 400 миллиард рубльді құрайды. Саябақтар мен қоғамдық орындарға 360 миллиард, әуежайларға 250 миллиард, қоғамдық көлікті жаңартуға 150 миллиард рубль инвестиция салуға тура келеді.

 

Путиннің айтуынша, мемлекет экономиканың негізгі салаларында «цифрлық платформаларды» құруға 700 миллиард рубль жұмсайды. Сонымен бірге 300 миллиард рубль hi-tech жобаларды дамыту қорына құйылады, ал 116 миллиардты спутниктер мен интернет желілерін жақсартуға салмақ. Аймақтардың қарызын кешіруге қосымша 200 млрд рубль кетеді.

 

2018 жылы Путин сайлауға түскен сәтте 28 рлн рубль болатын бағдарламалар жайлы айтқан болатын. Аталмыш жобаларды іске асыру үшін Ресей билігі тіпті ҚҚС-ны 18%-дан 20%-ға көтерген еді. Алайда ол жобалардың басым көпшілігі іске аспады. Сарапшылар Путиннің Федералды кеңеске ұсынған жолдауы 2018 жылы іске аспаған бастамалары екенін аңғару қиын емес дейді. Путиннің бұл жолғы бағдарламалары 2018 жылғы бағдарламаларынан әлдеқайда аз қаражатты қажет етеді. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар