Ау, темір құс, темір құс! Санкция қатты, қалтаң бос!

Ресейдің ең ірі жүк тасушы әуе компаниясы AirBridgeCargo жалға ұшақтарын өзге компанияларға қайтара бастады. Компания санкция салдарынан жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған еді. AirBridgeCargo апта басында Шанхайдағы лизинг беруші ВОСА (Bank of China Aviation) компаниясына Boeing 747 ұшағын қайтарып берді.


Не взлетим, так поплаваем. Санкции против российской авиаотрасли делают  самолеты недоукомплектованными, а полеты — небезопасными — Новая газета

 

Алдағы аптада компания тағы бір ұшағын Қытайға жөнелтетінін мәлімдеді. Компания соғысқа дейін тек қана Boeing ұшақтарын қолданып келген. AirBridgeCargo компаниясы соғысқа дейін ВОСА компаниясынан 3 ұшақты жалға алған. Оның біріншісін Қытай тарапы соғыс басталып, санкция Ресейге қарша бораған сәтте қайтарып алды. Ол сәтте ұшақ Гонконг әуежайларының бірінде тұрған. Екіншісін компания осы аптада қайтарды, ал үшіншісін алдағы аптада қайтармақ.

 

2023 жылы ресейлік компанияға ұшақтарды уақытында қайтармағаны үшін лизинг беруші тарап сотқа шағымданған болатын. Нью-Йорк соты AirBridgeCargo компаниясын айыпты деп танып, 406 млн доллар айыппұл төлеуді міндеттеді. AirBridgeCargo қытайлық тарапқа ұшақтарды уақытынан кешіктіріп қайтарып берсе де, айыппұл күшінде қалуы мүмкін. Бұл компания басшылығын тығырыққа тіреуде.

 

Соғысқа дейін AirBridgeCargo Ресей нарығындағы ең ірі жүк тасушы компанияның бірі саналатын. 2021 жылы Ресей нарығында тасымалданған жүктің 43%-ы аталмыш компанияға тиесілі еді. Қазіргі сәтте компанияда 11 дана Boeing 747-8, 4 дана Boeing 747-400 және бір Boeing 777 ұшағы бар. Ұшақтар Шереметьев әуежайында қаңтарылып тұр.

 

2022 жылы АҚШ компанияға санкция салып, AirBridgeCargo компаниясының 12 ұшағын тәркілеуге қатысты шешім шығарды. Ұшақтарға Ресей аумағынан тыс аймақта техникалық қызмет көрсетуге тыйым болды. Сөйтіп Ресей нарығынан бөлшек таба алмаған компания, сыртқа ұшағын ұшыра алмай сенделуде. Ендігі таңда AirBridgeCargo компаниясы ресейлік Ил-96 ұшақтарын қолдану арқылы жүк тасымалын жандандыруға ниетті. Алайда жүк тасымалын 2023 жылдың жазында бастамақ болған компания жоспарын белгісіз уақытқа шегерумен келеді.

 

Ресейге салынған санкциялардың ең үлкен соққысы әуе компанияларына тиюде дейді мамандар. Әуе компаниялары ұшақ бөлшектерін таба алмай, рейстер санын азайтқан. Кейбірі тіпті ұшуды тоқтатқан.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар