Басқыншылық жорықтан блокадаға дейін: Белгород қанқасапқа айналуда

Ресейдің Украинамен шекаралас Белгород, Курскі облыстары соңғы он күндікте Украина тарапынан дүркін-дүркін соққының астында қалып отыр.

1710940611607023.jpg

Анығы Ресей президенті сайлауынан сәл ертеректе, биыл наурыз айының басында Украина аумағында Ресейге қарсы күресіп жатқан «Азат Ресей» легионы, «Орыс еріктілері корпусы» мен «Сібір жасағы» күш біріктіріп, Ресейдің Белгород және Курскі облыстарына рейдтар, яғни әскери операциялар ұйымдастыра бастады.

БЕЛГОРОД ПЕН КУРСКІ ПУТИН БАСҚЫНШЫЛЫҒЫ ҮШІН ҚҰН ТӨЛЕУДЕ

Алғашқыда аздаған әскери құраммдармен жасалған шабуылдарға Ресей әскери құрылымдары тойтарыс беріп отырды. Сол есептен де, РФ әскери басшылығы «Азат Ресей», «ОЕК» шабуылдарын елемеген кейіп танытты. Деседе, Путин режиміне қарсы әскери құрылымдар шабуылдарын тоқтатқан жоқ, керісінше үдеткен үстіне үдете түсті.

1710939953333862.jpg

Ал Ресейдегі президенттік сайлауға санаулы күндер қалғанда Ресей халқына үндеу жасады. Өздерін Украина жағында Путин режиміне қарсы күресуші, Ресейді Путиннің узурпациясынан азат етуші деп таныстырды. Осыдан соң «Азат Ресей» легионы, «Орыс еріктілер корпусы» мен «Сібір жасағы» Белгород пен Курскі жұртына әр шабуылдың алдында үндеу жасайтын болды. Қарапайым тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға эвакуациялануға шақырып, Ресейдің әскери нысандарына соққы жасалатынын ескертетін болды.

Бұл ескертулерді де Ресей билігі елегісі келмеді. Ақырында, соңғы бір аптада диверсиялық әскери құрылымдардың шабуылы қарқын алып, Белгород пен Курскінің жұрты Украинаның бейбіт тұрғындары екі жылдан аса кешіп келетінқан өмірдің дәмін тата бастады.

БЕЛГОРОД. ДАБЫЛ БЕЛГІСІ: ШҰҒЫЛ ЭВАКУАЦИЯ

Ресейдің Белгород облысы мен Белгород қаласы соққы дәмін сезіне бастағанына 2 аптаға жуықтады. Күн сайын тарсыл-гүлсіл, айқай-шу, зәрені алатын зымыран жарылыстары. Жергілікті басшылықтың мәліметінше, қаза тапқан тұрғындар саны 20-ға жуықтаған. Жараланғандар саны 100-ден асады.  

Ал кеше облыс губернаторы Белгородтың 9 мың баласын шұғыл Ресейдің басқа өңірлеріне эвакуациялау туралы шешім қабылданғанын, жақын күндері бұл 9 мыңға тағы 2 мың бала қсоылатынын айтты. Оқу орындары, мектептер мен балабақшалар кезексіз демалысқа жіберілді. Аймақтағы сауда орындары, басқа да әлеуметтік тұтынушылық обьектілері уақытша жабылды.

Бұл облысты Путин басқаратын «Единая Россия» партиясынан тағайындалған губернатор Вячеслав Гладков дейтін адам басқарады. Ал соңғы екі аптада Гладковтың көріп жүргені – жарылған зымырандар, қираған тұрғын үйлер, өртенген көліктер т.б. Украинаның бейбіт халқы екі жылдан аса уақыт бойы Ресей басқыншылығынан қалай зардап шексе, Гладков басқаратын аймақ екі аптадан бері сол қанқасап өмірдің сұлбасын көре бастады.

1710939974614568.jpg

Белгородта дабыл белгісі күніне жоқ дегенде 3-4 мәрте іске қосылатын болған. Бұл күнде Белгородтың Кремльге наразы жұрты: «Мәскеу қашан той тойлап болғанын күтіп отырмыз. Сосын бізге назар аударар», - деп жазуда әлеуметтік желілерге.

БЕЛГОРОД ХАРЬКОВТІҢ КҮЙІН КЕШЕ МЕ?

Белгород жарты миллионға жуық тұрғыны бар қала. Украина шекарасынан 35-40 шақырымдық жерде орналасқан. Екі ортадағы шекара сызығынан дәл соншалық қашықтықта (Украина жағында) Харьков орналасқан. Ал Ресей басқыншылығы Харьковті аяған жоқ. Тұрғын үйлер үйіндіге, бейбіт тұрғындар төбе-төбе мәйітке айналды.

1710940040262499.jpg

Белгородқа шабуыл осы он күнде ғана жасалып отырған жоқ. Жоғарыда атаған «Азат Ресей» легионы былтыр да Белгородқа ірілі-ұсақты жорықтар жасап жүрді. Бірақ, ол жорықтар айтарлықтай нәтижелі болған жоқ. Ал Украина Белгородты дүркіндетіп соққының астына алған жоқ. Бірлі-жарым өзұшар темір құстар ұшырғаны болмаса, қарқындысоққы жасалмаған.

Қарқынды соққыны Белгород Украина әскерін генерал Александр Сырский тізгіндеген сәтпен тұстасуда.

РЕСЕЙ ТЕРРИТОРИЯЛАРЫН СОҚҚЫЛАП ЖАТҚАН ТЕХНИКАЛАР:

Ресейлік әскерилер Белгородқа соққылар Чехия өндіріп шығаратын «RM-70 Vampire» дүркіндетіп ату зымыран қондырғысымен жасалып жатқанын айтады. Бұл қондырғы қазір Украина армиясының қолданысында бар.

1710940100936916.jpg

«Vampire» — советтік «Градтың», чехиялық нұсқасы. «Tatra» жүк көлігінің базасында әзірленген. Оның теникалық сипаттамасы да советтік «Градты» он орайды. Кедергілерді өту қабілеттілігі жоғары. Ату қондырғысында 40 ұңғыма бар. Яғни, «Vampire» 20 секндта 40 зымыран ұшыра алады. Максималды қашықтығы 42 шақырым. Бұл қашықтық Белгородты төпелеуге әбден жеткілікті-ақ.

Әскери сарапшылар: «Украина тарабы Белгород пен облысқа «Vampire» күшінің тек 4/1-ін қолдануда. Яғни, бір атқанда 10 зымыраннан артық атпауда. Себебі, Украина тарабының басты міндеті – Белгородты төпелеу емес, Ресей ПВО-сын максималды түрде жүктемелеу. Және өзұшар темір құстарды қорғау. Ресей ПВО-сы «Vampire-мен» әлек болып жатқанда Украина дрондары Ресей аспынанда ойнақ салуда», - дейді.

ҚАНҚАСАП ЖҮРІП ЖАТҚАН БЕЛГОРОДТЫҢ ЕЛДІМЕКЕНДЕРІ:

Қазірге дейін ұрыс қимылдары Белгород облысындағы Грайворон қалалық округінде, Головчино және Сподарюшино ауылдарында, Горьковский кентінде және Грайворонның өзінде жүріп жатыр. Сондай-ақ, ұрыс обьектілерінің қатарына: Козинка, Гора-Подол, Глотово, Грайворон, Новостроевка-Первая, Новостроевка-Вторая, Безымено, Сподарюшино, Горький, Мокрая Орловка, Пороз, Дроновка, Луговка, Заречье-Первый, Заречье-Второй және Масычево жатады.

Bpps4jxvQ6Q.jpg

Бұлар соғыс жағдайындағы ауылдар. Ол жаққа азық-түлік кесте бойынша тізімделіп әкелінуде. Бірінші кезекте: нан, сүт, жарма, консерві, шұжық т.б. Бұл ауылдарының тұрғындары наурыз айында коммуналдық қызметтерді төлемейді.

ТОЛЫҚ БЛОКАДАДА ҚАЛҒАН 7 АУЫЛ:

Облыс губернаторы Гладков 20 наурыздан бастап облыстағы 7 елдімекен толықтай блокталғанын, ол ауылдарға кіруге тыйым салынғанын хабарлады. Олар: Козинка, Гора-Подол, Глотово, Грайворон, Новостроевка-Первая, Новостроевка-Вторая, Безимено.

Бұл ауылдарға кіріберістерге блок-бекеттер орнатылды. Онда полиция, Росгвардия, шекара қызметі, Қорғаныс министрлігі мен әкімшілік қызметкерлері кезекшілік етеді.

1710940257673110.jpg

СОҚҚЫ ДӘМІН СЕЗІНГЕН АУЫЛДАР ҒАНА ЕМЕС...

Рас, «Азат Ресей» легионы, «Орыс еріктілер корпусы», «Сібір жасағы» мен Украина темір құстарының жойқын соққыларын тек шекаралас елдімекендер ғана емес, Белгородтың дәл орталығы да сезінген еді. Осыған дейін Белгородтағы ФҚҚ ғимараты, қалалық әкімшілік ғимараты, сауда үйлері мен теміржол ғимараттары Украина дрондарының шабуылына ұшырап, Ресей ПВО-сы оларды қағып түсіре алмаған.

1710940280325834.jpg

ПУТИН НЕ ДЕЙДІ?

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин соққының астында өмір сүріп жатқан Белгородқа қатысты пікір білдіріпті. «Біз де Украинаға дәл сондай жауап қатамыз», - депті қаһарланып.

«Әрине, біз де дәл солай жауап қата аламыз! Дәл солай! Азаматық инфрақұрылымдарға басқа нысандарға соққы жасай аламыз. Біздің де өз жоспарымыз бар, сол бойынша әрекет етеміз», - дейді Путин.

Жоспары қандай екенін, әрине айтпайды. Тек: «Біз шекаралық аймақтардың қауіпсіздігін қорғаймыз», - дегенмен шектеледі. Бірақ, қалай қорғайтынын және де ашып айтпайды. Әрі қарай: «Белгород және өзге де шекаралық аймақтардың тұрғындарына алғыс айтқам келеді. Олардың ерліктері мен төзімділігі үшін алғыс айтамын», - дейді.

Ресей президентінің: «Біз де қарапайым тұрғын үйлерді соққылай аламыз», - дегені БАҚ пен желіде келемежге айналуда. Себебі, Ресей толық ауқымды соғысты бастаған алғашқы күнне бастап Украина қалалыр үйінді-қирандыға айналғанын айдай әлем анық көріп отыр. Сол себепті, Ресей президентінің бұл айтқандары қызыл сөз, құрғақ көлгірсу деп қабылдануда. Украина президенті Владимир Зеленскийдің кешегі мәлімдемесінде, бір ғана наурыз айының басынан бері Украинаның Сумскі облысына Ресей 200 әуе бомбасын тастағаны айтылады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар