ЕО соғысқа дайындалуда: Путин соғыссыз өмір сүре алмайтын мемлекет құрды

ЕО саммитіне қатысушылар соғысқа белсенді дайындалуға келісті. Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель: «Еуропа соғысқа дайындалуы тиіс», - деп, ЕО-ға әскери шабуыл болған жағдайда төтенше жағдай бағдарламасын қабылдауды ұсынды.

1711619915921271.jpg

БОРРОЛЬ: ЕУРОПА СОҒЫСҚА ДАЙЫНДАЛУЫ ТИІС!

Айта кетейік, Брюссельдегі саммит Франция Әскери-әуе күштерінің ауқымды оқу-жаттығуы аясында өтті, онда авиацияның жердегі әскерлермен өзара іс-қимылы имитацияланды. «Вольф» кодтық атауымен өткен оқу-жаттығу барысында француз ұшқыштары әскери базаларды және «жерүсті әскерлерінің қозғалыстарын» жау, яғни Ресей әуе күштерінің қауіп-қатерлерінен қорғауды пысықтады.

1711619105939959.jpg

МОН-ДЕ-МАРСАНДАҒЫ МАНЕВР: ПОТЕНЦИАЛДЫ ЖАУ - РЕСЕЙ

Президент Макронның НАТО бөлімшелерін Украинаға жіберу мүмкіндігі туралы мәлімдемесінен кейін басталған Мон-де-Марсандағы маневрлерге «Rafale» және «Mirage» 2000 D жауынгерлік ұшақтары, француз және Батыс әскерлері қатысты.

Польша Сенатының вице-спикері Михаил Каминский осы оқиғаларға түсініктеме бере отырып, ұжымдық Батыстың Украинаға қолдау көрсету мәселесінде маңызды кезең басталғанын айтты.

1711619524986792.jpg

МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ. АҚШ УКРАИНАҒА ҚАРУ-ЖАРАҚ ЖІБЕРЕДІ…

«Польша президенті мен премьер-министрі бастаған делегация құрамында болып, Вашингтонда Жо Байденнің әкімшілігімен келіссөздерге қатыстым. АҚШ Украинаға барлық қажетті әскери қолдауды көрсететіні айдан анық. Тіпті республикашылдар да алдағы президенттік сайлауда Киевке көмек көрсетпеу олардың мүдделеріне зиян келтіретінін түсінді. Себебі республикашылдардың көпшілігі дәстүрлі түрде Ресейге қарсы. Және Доналд Трамп өз электоратының Рональд Рейган мұрасына адал қалған бөлігімен санасуға мәжбүр. Демек, Американың Киевке әскери жеткізілім мәселесі іс жүзінде шешілді», - деді Камински.

Каминскидің пікірінше, Еуропа мен АҚШ Украинаға жеткілікті көлемде қару-жарақ берген кезеңде, Украина армиясы қорғаныста жатып алмай, сәтті қарсы шабуылдар жасай білді. Бұған дәлел Харьков және Херсон облыстарының едәуір бөліктерінің қайтарылуы.

1711619603830196.jpg

БІЗ ӨЗАРА ТӘУЕЛДІ ӘЛЕМДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ!

«Польша үкіметі Еуропаның бірігуі, қорғанысты нығайту және әскери-өнеркәсіптік өндірісті ұлғайту үшін барынша күш салады. Осы бағытта жұмыстар қарқынды жүргізілуде.  Қазір қауіпсіздік мәселесі НАТО шеңберінен шығып кетті. Ресей империясы немесе КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін қалпына келтірген кез келген мемлекет бұрынғы социалистік блоктың басқа мемлекеттерінің егемендігін сақтауға мүдделі. Атап айтқанда, Польша Әзербайжан тәуелсіздігінің сақталуына, Әзербайжан Польша тәуелсіздігіне мүдделі. Егер Ресейдің Польшаны басып алуға күші жетсе, онда ол Әзербайжанды басып алуға да жетеді. Керісінше, Әзербайжанның басып алынуы Ресейдің Польшаны басып алуға жеткілікті ресурстары бар екенін білдіреді. Ештеңе істей алмайсың, біз өзара тәуелді әлемде өмір сүріп жатырмыз», - деді Каминский.

РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ САНКЦИЯ ТИІМДІ БОЛҒАН ЖОҚ!

Михаил Каминскийдің пікірінше, Ресейге қарсы санкциялар анағұрлым тиімді болған жоқ.

«Ресейдегі экономикалық дағдарыс 80-ші жылдардың соңындағы кеңестік дағдарыс нысанында болмайды. Мәселе мынада - Путиннің идеологиясына қарамастан, РФ-да нарықтық механизмдер сақталған, ал биліктің бір бөлігі бұрынғысынша дағдарысты еңсеріп жатқан Путин ортасының прагматикалық қанатының қолында. Санкциялардың тиімділігі мәселесі оларға Батыстың барлық елдері қаншалықты толық және принципті түрде қосылғанына байланысты. Елдердің санкцияларға байланысты міндеттемелерді қалай орындайтынына күмән келтірген дұрыс», - дейді Польша өкілі.

1711619670193731.jpg

ОРБАННЫҢ ДА, ВЕНГЕРЛЕРДІҢ ДЕ ТАРИХИ ЖАДЫ НАШАР...

Поляк саясаткерінің пікірінше, Путинді қайта сайлануымен құттықтаған Венгрия басшысы Виктор Орбанның ойындарына ЕО шыдап қарап отыра бермеуі тиіс!  

Каминский: «Венгрлердің тарихи жады қысқа. Олар Австрия-Венгрия империясының құрамында көтеріліс жасаған кезде, олардың көтерілісін кайзер Вильгельмнің өтініші бойынша генерал Иван Паскевич бастаған орыс жазалаушы армиясы басып жаншыған еді. Осыдан кейін Польшадағы көтерілісті басқан да осы Паскевич», - деді.

ПУТИН СОҒЫССЫЗ ӨМІР СҮРЕ АЛМАЙТЫН МЕМЛЕКЕТ ҚҰРДЫ

Каминскидің пікірінше, соғыс – Кремль басшыларына қоғамның назарын ішкі проблемалардан аудару үшін қажет.

«Путин соғыссыз өмір сүре алмайтын ел құрды. Санкциялар жұмыс істемесе де, ресейліктер бұрынғысынша нашар өмір сүруде. Соңғы он жылда олардың өмір сүру деңгейі үнемі төмендеп келеді және билік олардың алдында ақталуы керек», - дейді Поляк саясаткері.

РЕСЕЙ ЖЕҢСЕ, ПУТИН 5 ЖЫЛДАН СОҢ ЖАҢА СОҒЫС БАСТАЙДЫ

Михаил Каминский егер Путин билікті сақтап қалса, 5 жылдан кейін ол жаңа соғысты бастайтынына сенімді. Поляк саясаткерінің пікірінше, «Ресейдің ыдырауы болмайды, тек қатыгез азаматтық соғыс болады».

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар