Дрон Киевке, бөлшегі Бейжіңге тиесілі: Ресей не дейді?

Украина соғысы дрондардың маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, әлем елдерінің қарулы күштерінде дрон әскерінің құрылуына ықпал етуде. Ресей Ираннан камикадзе дрондарын сатып алып, Украина жеріндегі әскери, стратегиялық нысандарға соққы жасауда. Тегеранның лицензиясы бойынша Ресейдің ерекше экономикалық аймағы саналатын «Алабұғада» 6 мың дана камикадзе дрон құрастыру жұмыстары іске асуда. Украина Ресейдің МӨЗ-дері мен әскери қоймаларын дрондармен соққылауда. The Wall Street Journal қазіргі сәтте Украинаның да дрондарды жиі пайдаланатынын айта келе, дронға қажетті бөлшектерді Киевтің негізінен Қытайдан сатып алып отырғанын анықтады.


В Минцифры назвали численность Армии дронов - Korrespondent.net

 

The Wall Street Journal Украинаның қытайлық SZ DJI Technology компаниясымен келісім жасап, мыңдаған қажетті бөлшектер мен дрондарды сатып алып отырғанын жазды. Украина тарапы дрондар өндірісіне қажетті бөлшектерді де аталмыш компаниядан алуда.  

 

Украинада соңғы бір жылда дрон өндіру қарқыны еселеп артқан. 2022 жылы Украинада дрон құрастыратын және шығаратын компаниялар саны 7 болса, 2024 жылдың наурызында олардың саны 300-ден асқан. Бұл ірі компаниялардан бастап 4-5 адам істейтін кішігірім құрастыру цехтарын қамтиды.

 

Украина майданында Киев ай сайын 10 мыңнан астам қуатты дрондарды және мыңдаған кіші дрондарды қолдануда. Қытайлық компаниялар Украинаға дрон бөлшектері мен дайын дрондарды сатып келгенін растады, алайда әскери мақсатта сатпағанын жеткізді.

 

WSJ басылымы адамзат тарихындағы «алғашқы дрондар соғысында» АҚШ дрондары өте аз екенін жазды. Вашингтон технологиясының қарсылас тарап қолына түсуінен сақтанады, сәйкесінше Киевке мыңдаған дрон берудің орнына осы уақытқа дейін басқа қару түрлерін жеткізген.

 

Skydio дрон құрастырушылары осы уақытқа дейін АҚШ-тан Киевке жүздеген дрон жеткізген. Алайда дрондар ұрыс даласында айтарлықтай өзгеріс жасай алмаған. Әскери сарапшылар Украина майданында ресейлік және украиналық дрондар күн сайын жаңа қиындықтарға тап болып жатқанын айтуда. «Радиоэлектронды кедергілер кеше тиімді болған дронды бүгін тиімсіз етуі әбден мүмкін, сол себепті күн сайын бағдарламалық өзгертулер енгізуге мәжбүрміз» дейді Украина дрон құрастырушылары. Киев өз кезегінде Ресейдің "шахед" дрондарын радиоэлектронды кедергілер арқылы тоқтатуды үйренуде. 


The Wall Street Journal Ресейдің Қытайға бейресми өтініш жасап, Украинаға дрон сатпауын сұрауы мүмкін дейді. Алайда талап қойып, ультиматум тілінде сөйлесуі екіталай екенін айтуда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар