Соғыстың үшінші жылы: Қырым көпіріне үшінші шабуыл жасала ма?

Украина әскері Қырым көпірін жоюға тырысатын болады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский ресми мәлімдеді. Қырым көпірі қазіргі сәтте аннексиядағы Қырым мен Ресейдің арасын жалғап жатқан маңызды стратегиялық нысан саналады.


Оставлять без ответа нельзя": Путин прокомментировал атаку на Крымский мост  :: Новости :: ТВ Центр

 

«Біз оны жойғымыз келеді. Сонымен бірге әскери нысан болып табылатын барлық инфрақұрылым нысандарын жоюды да қаперден шығармаймыз. Әңгіме көпірлер жайлы, әңгіме ұшақтарды ұшыратын әуежайлар жайлы болып отыр», - дейді Зеленский. Ол бұл туралы ойын Германияның Axel Springer басылымына берген сұхбатта айтты.

 

Зеленскийдің сөзінше қазіргі сәтте қарымта шабуылға шығудың жаңа жоспары әзірленген, алайда оны іске асыру үшін Батыстық қару қажет. Ол шабуылдың сәтті болуы адам санына емес, қару сапасына байланысты деп санайды. 2023 жылы Украина әскері қарымта шабуылға шығып, тиісті нәтижеге қол жеткізе алмаған болатын.

 

Украинаның барлау қызметі Қырым көпіріне үшінші шабуылды әзірлеп жатқаны жайлы ақпаратты бұған дейін The Guardian басылымы жазды. Басылым Киев 2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында көпірді жоюға тырысатынын меңзеді. Украина барлауының басшысы Буданов Ресейдің Қырым көпірін жақсы қорғайтынын растап, көпірді жоюдың сан тәсілін қарастырып жатқанын айтты.

 

Украина 2022 жылдың қазаны мен 2023 жылдың шілдесінде Қырым көпіріне екі мәрте шабуыл жасады. Бірінші шабуылда жүк көлігіне жасырылған жарылғыш іске қосылып, көпірдегі жанармай тасыған пойыз қоса жарылып кетті. Шабуылдан көпірдің екі жолағы опырылып, 4 адам қаза тапты.  Екінші шабуылда екі экипажсыз қайық көпірге соғылып, екі адам қаза тапты. Жеңіл көлік өткізетін жолақтың бірі опырылып, көпір жөндеу жұмыстарына жабылды.

 

Зеленский көпірді Ресей тарапы Қырымды отарлауды жалғастырып, Украина жеріне шабуылды іске асыратын әскер мен зымыранды тасу үшін қолданып жатқанын айтты. Ал Ресей президенті Владимир Путин «Қырым көпірі арқылы әскери қажеттіліктер жеткізілмейді, көпірді жою Украинаға қандай да бір әскери артықшылық бермейді» деген пікірін айтумен келеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар