Кеңесші Болтон: Ресейдің тағдыры, Иранның соққысы, Трамптың қаупі

АҚШ президентінің бұрынғы кеңесшісі (2018-2019) болған Джон Болтон «Настоящее время» электронды басылымына сұхбат беріп, әлемді алаңдатқан сұрақтарға жауап берді. Ол Иран мен Израиль соғысы, Газадағы жағдай, Ресей мен Украина майданы жайлы сөз қозғап, Трамп жеңіске жетсе не болатынын айтып, Ресейдің болашағына қатысты саяси болжам жасап, басқа сауалдарға да тоқталған. Назарларыңызға сұхбаттың маңызды тұстарын ұсынамыз.


Болтон не исключил своего участия в выборах президента США

 

– Өткен аптада сіз Иранның Израильге шабуылына қатысты қатаң мәлімдемелер жасадыңыз. Сіз Байденді «нағыз масқара» деп атадыңыз. Неге сіз олай дедіңіз?

 

– Егер АҚШ-қа біреу үш жүз зымыран, дронмен шабуыл жасаса, онда біз кек алар едік. Біз минимум сол зымырандарды атқан базалар мен құрылғыларды жояр едік. Біз өзіміздің ұшақтарымыз қарсыластың әуе кеңістігіне ене алу үшін қарсы тараптың әуе қорғаныс жүйесін жояр едік. Менің ойымша біз ол әрекеткен тоқтап қалмас едік. Мысалы Израиль Иран тарапынан ұшырылған зымыранның бірінде ядролық қару бар-жоғын біле алмайды ғой. Израиль – өте кішкентай ел. Оның бұрынғы премьер-министрі Ариэль Шарон Иран тарапынан болуы мүмкін "ядролық холокост" жайлы айтқан еді. Ираннан ондаған ядролық зымыран келіп түссе, онда Израиль ел ретінде жойылатынын айтқан. Міне, сол себепті де мен Израиль қорғану құқығына ие деп санаймын. Ол жылдам арада Иранның ядролық бағдарламасын жоюға ниетті, бұл ұзақ мерзімді көрсеткіште әлемге де қажет әрекет болар еді. Иран ядролық қару қолданып үлгергенше, дәп қазір Иранның ядролық бағдарламасын жойған абзалырақ. Олар өз көршілеріне, күллі әлемге сес көрсетуде. Иранда Израильді «кіші сайтан», ал АҚШ-ты «үлкен сайтан» деп атайды. Мен бұл сөздердің арасында байланысты байқап тұрмын. Шынымды айтсам, егер Израиль Иранның ядролық бағдарламасын жою шешімін қабылдаса, онда АҚШ ол әрекетті қолдауы тиіс.


Иран допустил возможность «превентивных мер» против Израиля в ближайшие  часы — EADaily — Новости Ирана. Иран новости. Иран Израиль. Новости Израиля.  Израиль. Иран. Израиль Иран новости. Новости. Иран Израиль новости. Новости  сегодня.

 

– Израильдің әскери кабинеті қазір қарсы жауап нұсқасын қарастыруда. Израиль қалай жауап беруі мүмкін және ол жауап қашан іске асады деп ойлайсыз?

 

– Менің ойымша әскери кабинеттегі ызу-қызу талқы екі тарап арасында өтті. Ол тараптар Байденнің айтуы бойынша жауап соққыны әлсіз жасап, жағдайды ушықтырмауды қолдайтындар мен Нетаньяхудың позициясы бойынша қатаң жауап нұсқасын қолдайтындар. Екі тараптың қайсысы басым екеніне болжам жасай алмаймын. Бірақ сәуегейлік жасап көретін болсақ, АҚШ қысымынан кейін жағдайды ушықтырмай жауап беру нұсқасын таңдайтындар көп болатын сияқты. АҚШ барлауы Иранның Израильге осынша көп дрон мен зымыран атарына сенбеген еді. Сол себепті қандай да бір болжам үлкен маңыздылыққа ие емес. Бір дүние анық, Израиль тарапы жақын күндері жауап береді. Нетаньяху Иран сияқты қарсы соққы жасау үшін екі апта күтіп отырмайды.


Иран заявил о снятии эмбарго ООН на продажу ракет, несмотря на продление  ограничений ЕС | Факты ICTV


– Сіздің ойыңызша, Иран дәл қазір әлемге аса қауіпті ел ме, тіпті Ресейден де қауіптірек мемлекет пе? Джон Кирби «Израиль көмекке зәру» дегенді айтты, алайда Украина да көмекке зәру ғой.

 

– Иранды ортағасырлық діни фанатиктер басқарып отыр және олар ядролық қаруды иемденгісі келеді. Бұл өте қауіпті күші, бұл «Мәскеу-Бейжің» осіне кіреді. Ресей мыңдаған ядролық оқтұмсыққа ие әскери держава. Иранда ондай қуаттылық жоқ. Ресей осымен екі мәрте Украинаға қарсы соғыс бастады, 2014 жылы және 2022 жылы. Украина да, Батыс та оған нәтижелі соққы жасай алмады. Сол себепті Ресей қауіп болып қала бермек және оның Қытаймен бірлесе әрекет етуі тіпті қауіпті. Бұл қауіп Путиннің қандай да бір себеппен биліктен кетіп, орнына демократиялық күштер келгенше жалғаса бермек. Оның қашан боларын мен білмеймін. Бұл мәселеде менде оптимизм аз. Алайда оған дейін Ресейде өзгеріс болмасына мен сенімдімін.


Украина может победить Россию в долгой войне при одном условии - Новости  Украины - ZN.ua

 

– Өткен аптада Bloomberg басылымы Киевтің майдан даласында және экономикада жағдайы мүшкіл екенін жазды. Сіз бұл бағалаумен келісесіз бе және тығырықтан шығу жолы бар ма?

 

– Менің ойымша Украина соғыс басталған сәтте жағдайы өте күрделі еді. Ресейдің шабуылы украин сарбаздарының қарқынды қарсылығы мен сәттіліктің серік болуы барысында тоқтатылды. Ресей Киев маңына әскери жүк, техника жеткізуге мүмкіндік ашатын Антонов әуежайын басып ала алмады. Салдарынан ұзын колонналарға топтасып жүрді, ал бұл украин сарбаздарына оңай жемтік еді. Украина соғыста жылдам жеңіліс табады деген болжам жасалды ғой. Олай болмады.

 

Қазір АҚШ көмек пакетін жылдам мақұлдамаса онда жағдай қиындай түсуі мүмкін. Қазір Украина бір снаряд атса, Ресей 5-6 снарядпен жауап қатуда. Дәл осылай ұзақ жалғаса алмасы анық. Украина қаруын үнемдеуге мәжбүр. АҚШ-та сайлау өткенше біздің негізгі үміт артарымыз, ол осы қақтығысты уақытша тоқтатуға тырысу болар. Менің ойымша Путин Трампты күтіп отыр. Егер оны президент етіп сайласа, онда мен Украина тағдыры үшін қатты алаңдар едім.


Позитив для двух стран»: Владимир Путин и Дональд Трамп впервые встретились  в Гамбурге | Forbes.ru

 

– АҚШ-тағы сайлау әлемге көп ықпал етеді. Украинаның тағдыры да осы сайлауда шешілуі мүмкін. Сайлауда Трамп жеңіске жетті деп елестетейік. Ол Украина соғысына қатысты көптеген мәлімдемелер жасаған болатын. АҚШ-ты НАТО-дан шығарамын деді. Ол мүмкін бе?

 

– Трамптың билікке келу мүмкіндігі мені қатты алаңдатады. Әсіресе НАТО-дан шығу және Ресейдің Украинаға соғыс ашуына қатысты мәселелерде. Менің ойымша ол расымен де НАТО-дан шығуды қалауы ықтимал. Президенттер кез келген келісімнен шығу мүмкіндігіне ие. Ондай шешім АҚШ үшін нағыз апат болар еді. Путин Трамп осы бір қадамға бара ма деп мұқият бақылап отырады. АҚШ НАТО-дан шығатын болса, онда бұл Украинаға көмек мәселесін ғана емес, жалпы ұйымның өзін тиімсіз ететін еді.

 

Путин Трамптың соғысты 24 сағатта тоқтатамын деген сөзін мұқият қарағаны анық. Бұл әрине мүмкін емес. Трамп Путин мен Зеленскийді кездестіріп, мәселені шешемін деді. Бұл да мүмкін емес деп санаймын. 24 сағатта соғысты тоқтата алмаған сәтте, Трамп кінәлілерді іздей бастары анық. Ол әрине өзін ешқашан кінәлі санамайды. Путинге сырттай тамсанатын ол, Зеленскийді кінәлап шыға келуі мүмкін. Мұндай сәтте Украинаға өте қиын болмақ.


Ничья война. Итоги второго года вторжения России в Украину — Новая газета  Европа

 

– Сіз Путинді жеке танисыз. Сіздің Ресейдің саяси сахнасынан жақын аралықта өзгеріс күтпейтініңізді түсіндім. Алайда болашақта Ресей билігінде транзит қалай жүруі мүмкін?  

 

– Ресей парламентін қазір парламент деуге келмейді. Билікті алмастыру механизмдері жоқ, ал сайлау бұрмаланған күйде өтуде. Тіпті Кеңес билігінің өзінде Коммунистік партияның Саяси бюросы болып, 1963 жылы Куба дағдарысынан кейін Хрущевке: «Никита, биліктен кет» деген еді. Қазір тіпті ондай механизм де қалмады. Путинге биліктен кету керектігін айтатын адам қалмады. Сол себепті Путинді тақтан тайдырудың бір ғана жолы, Ресейде дағдарыс бола қалған жағдайда қандай да бір әскеридің немесе арнайы қызметтің Путинге қарсы көтеріліс жасауы ғана деп ойлаймын. Алайда ондай сценарий неге әкелуі мүмкін екенін болжау өте қиын.

 

Әлбетте, Ресейде билік транзитін демократиялық бағытпен, сайлау арқылы жасауға тырысу ең тиімді жол. 90-жылдары дәл сондай талпыныс болды ғой. Бірақ Ресей қазір ондай институттарды іске қоспайды.

 

Мені Ресейдің азиялық бөлігі алаңдатады. Қытайдың сол бөліктегі әрекеті ойландырады. Есіңізде болса, 1860 жылға дейін Қиыр Шығыстың көп бөлігі Қытайдың жері еді ғой. Қытай оны ұмытқан емес және Ресейдегі біраз аймақты мұнай, газ, ресурсқа бай өлке деп қарастырады. Бұл Ресей үшін өте қауіпті деген сөз. Ресей енді Батыстың бір бөлігі болу мүмкіндігінен айырылды, ал Қытайдың ықпалы күн санап артуда. Кремльде не болса да, елде демократиялық жолмен немесе төңкеріс арқылы билік ауысса да, бұл Ресейдің жекелеген елдерге бөлшектеніп кетпеуінің соңғы мүмкіндігі болуы ықтимал.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар