МАГАТЭ: Иран әне-міне атом қаруын жасап шығады

DW басылымына сұхбат берген МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси Иранның атом қаруын жасауға жеткілікті уранды байытып үлгергенін, ал МАГАТЭ-нің Иранның барлық ядролық нысандарын тексеруге мүмкіндігі жоқ екенін айтты.


Насколько близок Иран к созданию ядерной бомбы - и почему никто не может  его остановить — УНИАН

 

Рафаэль Гроссидің ойынша Иран атом қаруын жасап шығуына айлар емес, бар болғаны бірнеше апта қалғанын мәлімдеді. Гросси Иранның қолында атом қаруын жасауға жеткілікті уран бар болса да, Тегеранда дәп қазір атом қаруы жоқ дейді. Ол байытылған ураннан бөлек, ядролық қаруды жасап шығуға көптеген өзге технологиялар қажет екенін айтты. Қаруды сынақтан өткізу, атом қаруын алып ұшатын зымырандарды жасау, қаруды атуға қабілетті ұшақ немесе зымыран кешендерін жасау, сатып алу бірқатар уақытты алады.

 

Гросси Иранға ядролық технологиялар медициналық және энергетикалық мақсатта ғана қажет дегенге сенбейді. Ол бұл мақсатқа аса көп байытылған уран қажет емес деген пікірде. МАГАТЭ басшысы Иранның ядролық бағдарламасын толық тексеруге мүмкіндігі жоқтығын айтты, себебі Тегеран МАГАТЭ-нің бақылаушы органдарын маңызды нысандарға кіргізіп, тексеріс жүргізуге рұқсат бермейді.

 

МАГАТЭ басшысы соңғы жылдары Иранның ядролық бағдарламасын бақылау күрделі бола түскенін мойындады. Бұл Украина мен Ресей арасындағы соғысқа, Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысқа және Иран мен Израиль арасындағы жауластыққа байланысты болып отыр.

 

Израиль апта бұрын Иранның Исфахан аумағына шабуыл жасап, бірнеше радарын, Әуе қорғаныс жүйелерін істен шығарды. Сарапшылар бұл әрекетті Израильдің Иран аумағындағы ядролық нысандарға соққы жасау алдындағы қадамдары деп болжам жасауда. 1981 жылы Израиль ұшақтары Ирактың ядролық нысандарына соққы жасап, Бағдаттың ядролық бағдарламасын жойған болатын. Ол тарихта «Опера» (Вавилон) операциясы деп аталады. Ресми Израиль билігі аталмыш операцияны бұл жолы Иранға қарсы іске асыруы мүмкін екенін жасырған емес. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар