Алматы тұрғындарының назарына

IMG_0602.jpg


Алматы қаласы Алмалы аудандық №1 ХҚО бөлімінің мекенжайы  өзгерді, деп хабарлайды MEZGIL.KZ.

Алмалы аудандық №1 ХҚО бөлімі мекенжайын Сүйінбай даңғылындағы «Мерей» кешені, 2-блок, 4-ғимаратқа ауыстырумен қатар, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Дүйсенбіден бастап ХҚО азаматтарды жаңа мекенжай бойынша қабылдайды.

Енді бөлім бір реттік SMS құпия сөзін пайдалану арқылы немесе жеке куәлікпен электрондық қызметтерді алуға арналған 37 орындық цифрлық қызметтер секторымен, сонымен қатар  4 қоғамдық қол жеткізу пунктімен жабдықталған. Залдың ортасында  электрондық кезек тақтасы бар  күту залы орналасқан. Қызмет алушылардың  мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына бейне-байланыс жүйесінде өтініш беруіне және онлайн бейне-кеңестер алуына арналған аймақ та бар. Мұнан басқа, ХҚО-да egov.kz, elicense.kz, goszakup.gov.kz және басқа порталдарда өз бетінше мемлекеттік қызметтерді алу мен жұмыс істеу дағдыларын үйренгісі келетіндерді оқытуға арналған сынып жабдықталған.

Жаңа ғимараттың жалпы ауданы мың шаршы метрден асады. Қызмет алушыларға ыңғайлы 1700 орындық автотұрағы бар. Ғимаратқа Сүйінбай даңғылынан немесе Қонаев көшесі арқылы да келуге болады. ХҚО «Райымбек батыр» метро станциясына жақын жерде орналасқан.


Ұқсас тақырыптар