«Жүрсіннің жүйріктері» жаңа форматта айтыстың көркін қыздырады - Ерлан Қарин

2.jpg


«Qazaqstan» телеарнасында көктемде «Жүрсіннің жүйріктері» атты ақындар айтысы басталмақ. Бұл туралы «Қазмедиа» орталығында «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

«Көктемгі маусымда дайындап отырған бірнеше қызықты жобалар бар. Олар әр түрлі жанрда болады. «Мен қазақпын» секілді үлкен жобалардың бірі - «Жүрсіннің жүйріктері» болмақ. Бұл жобаны өткен жылдан бері жоспарладық. Бас төрешісі Жүрсін Ерман болады. Айтыс әр жексенбі сайын кешкі сағат тоғызда басталады», - деді Ерлан Қарин Qazaqstan» ұлттық телеарнасының алдағы жобалары туралы айтқан сөзінде.

Оның айтуынша, айтысқа елімізге белгілі жиырма шақты ақын қатысады. Айтыс шілде айының басына дейін жалғаспақ. Айтыс ұлттық нақышты сақтай отырып, жаңа форматта ұсынылады.

«Жүрсіннің жүйріктері» бағдарламасының қазылар алқасының мүшесінде белгілі өнер қайраткерлері: қазақ киносының майталманы, ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, әнші әрі композитор, ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, профессор, ғылым докторы Намазалы Омашев пен Халық ақыны Әсия Беркенова болмақ. Ал жобаның басты қонағы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын әрі журналист Жүрсін Ерман сайыс арасында пікірін айтып отыратын болады.



Ұқсас тақырыптар