Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов мексикалықты нокаутқа түсірді

1.jpg


Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (5-0, 4 КО) кәсіпқой спорттағы алтыншы жеңісіне қолжеткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында (АҚШ) айқаста мексикалық Алехандро Торресаны (9-3-2, 4 КО) жеңді. Алты раундқа есептелген орта салмақтағы жекпе-жек соңғы кезеңде 1:55 уақыт белгісімен аяқталды.

Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Еске сала кетейік, өткен жылы қарашада М.Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалықты екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.



Ұқсас тақырыптар