Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегі жақын күндері өтеді

Отандасымыз жуықарада бірден екі кездесу өткізеді.


2.jpg


Бүгін ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқан Риодағы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Данияр Елесіновтің бірінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлады Vesti.kz порталы.

Бұл туралы бүгін Астана өткен баспасөз жиыны кезінде қазақстандық боксшының промоутері Эдди Хирн айтты.

Оның айтуынша, отандасымыз кәсіпқой бокстағы біріші кездесуін 28-сәуір күні Barclays Center спорт кешенінде өтетін Дэниел Джейкобс пен польшалық Мацей Сулецки арасындағы бокс кешінің андеркартында өткізеді.

Ал екінші кездесуін Елеусінов 2-маусым күні Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өткізеді деп жсопарлап отыр.



Ұқсас тақырыптар