Қанат Ислам АҚШ-та промоутерлік компания ашты

3.jpg


Қазақ боксшысы Қанат Ислам Америкада «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» боксшының PR-менеджері Берік Сұлтанға сілтеме жасап.

«QAZAQ promotions» Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде «Main event» промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу - е ң басты мақсатымыз. Сол жолда команда тынбай еңбек етуде. Суретте әріптестеріміз «Main event» промоутерлік компаниясының иесі, промоутер Kathy Duva және менеджер Egis Klimas», - деп жазды Берік Сұлтан Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетсек, бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0-0,20КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) ақпан айындағы рейтингінде көшбасшылық орнын сақтап қалған болатын.



Ұқсас тақырыптар