Қамаудағы Мұратхан Тоқмәди қашып кетті

3.jpg


Әлеуметтік желілерде Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені жайлы мәлімет таралып жатыр, - деп хабарлады Тengrinews.kz. 

Бұл мәліметтерге сенсек, Тоқмәди Тараздағы облыстық ауруханадан қашып кеткен. 

"08.03.2018 жылы кешкі 19.30 бен 20.00 арасында Тараздағы облыстық ауруханадан Мұратхан Тоқмәди белгісіз бағытта қашып кеткен, ол адам өлтірді деген айыппен қамауда болған. Ол тізеге дейін түсетін қара күрте мен джинс киген, аяғында не туфли, не кроссовка болған", - делінген хабарламада.

Tengrinews.kz редакциясы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне осы мәліметке қатысты сауалхат жолдады.


5.jpeg

Кейін Tengrinews.kz Мұратхан Тоқмәди қашып кетті делінген ақпарат тарағаннан кейін Таразда қандай жағдай болып жатқанын анықтаған. Қазіргі уақытта Алматы мен Шымкентке шығар жолдың барлығы жабылған. Шығып жатқан көлік құралдары тексеріліп жатыр. Көлік салоны мен жүксалғышы тексеріліп жатыр.

6.jpeg


Ұқсас тақырыптар