Өзбекстанның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

4.jpg


Өзбекстан сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат  Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

10 наурыз күні жаңа елші өз дипломатиялық миссиясын бастау үшін Астанаға келді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет еткен.

Саидикрам Ниязходжаевтың негізгі мамандығы инженер-құрылысшы, Сыртқы істер министрлігіне дейін ол Өзбекстан Республикасы Президентінің аппаратында, үкіметтік құрылымдарда лауазымды қызметтер атқарған. Мемлекеттік кеңесшінің орынбасары, экономика министрінің орынбасары болған.



Ұқсас тақырыптар