Павлодарлықтар ШҚО тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетпек

3.jpg


Павлодарда су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін азық-түлік пен құрылыс материалдарын жиналып жатыр, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

«Павлодарда тәулік бойы жұмыс істейтін Шығыс Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды. Бұл бастама «Жас Отан» жастар қанатына тиесілі, - деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық жастар қанатының басшысы Санира Жүсіпова.

Қабылдау бекеті мына мекенжайда ашық: Кривенко, 25А (партияның облыстық бөлімшесінің ғимараты)».

ШҚО-да зардап шеккен тұрғындарға жаңа киім, құрылыс материалдары (цемент, кірпіш және т.б.), бұзылмайтын азық-түліктер (консервілер, май, қант, тұз, жарма және т.б.) қажет, деп атап өтті С.Жүсіпова.



Ұқсас тақырыптар