Ақын Маралтай Райымбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

3.jpg

Белгілі ақын Маралтай Райымбекұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ақын Алмас Темірбай Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұқамедиұлының бұйрығымен талантты ақын, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлы ҚР Ұлттық-мемлекеттік Кітап палатасы директорының орынбасары болып тағайындалды», делінген жазбада.

Ол белгілі ақынға жаңа қызметінде табыс тіледі.

«Өнердегі інілерінің руына емес, рухына қарап бағалайтын, жүзіне емес, сөзіне қарап саралайтын, үнемі қолдап, қолпаштап жүретін ақын ағамызға шығармашылық табыстар тілейміз! Абыройлы, берекелі, табысты қызмет болғай!», - деп жазды Алмас Темірбай.



Ұқсас тақырыптар