Оңтүстік жастары ШҚО-дағы тасқыннан зардап шекендерге көмек жинауда

4.jpg


Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысының жастары «Аягөзге көмек» атты үндеу жариялаған болатын. Бүгінгі таңда облыстың белсенді жастары, еріктілері қолдан келгенше көмек көрсету мақсатында азық-түлік пен тұрмыстық қажетті заттарды жинауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» қазіргі уақытта  590 келі  картоп,  513 келі  сәбіз, 2 қап қырыққабат, 550 келі пияз, 50 келі алма және тағы басқа да қажетті заттар жиналды. Сондай-ақ, оңтүстік жұртшылығы көмек ретінде   104 800 теңге қаржы беріпті.  Орталық мамандары бүгінде  үндеуге үн қосып, қолдау білдіремін деген жастардың  қарасы күн санап көбейіп жатқанын жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік,  Өңірдегі бірнеше елді мекенді су басып, адамдар эвакуациялануда. Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режімі жариялануда. Үйлері қираған тұрғындарға жаңа баспана беру мәселесі шешілуде.   

Осыған байланысты  оңтүстік өңірінің  белсенді жастары арнайы топ құрып, үндеу жариялаған еді.



Ұқсас тақырыптар