Ержан Естанов ресейлік Расул Мирзаевтан үшінші рет жеңілді

1.jpeg


Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Ержан Естанов ресейлік Расул Мирзаевтан үшінші рет жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшылар октагонда үшінші рет кездесті, бұл жолы жекпе-жек "Алматы Аренада" өтті, мұнда ресейлік Fight Nights Global промоушенінің аясында жекпе-жек кеші болды. 

Естанов пен Мирзаев екі рет жекпе-жекке шыққан: 2013 жылдың наурызында "Великая Битва" аясындағы кездесуде қазақстандық қазылар алқасының шешімімен жеңіліс тапса, 2014 жылдың қарашасында "Дала жауынгерлері" турнирінде ресейлік өз қарсыласы екінші раундтан кейін кездесуден бас тарқан соң жеңімпаз атанған. Осы жолы да Мирзаев қазақстандықты қазылар алқасының шешімі бойынша жеңді. 

Ал тағы бір қазақстандық Жалғас Жұмағұлов америкалық Тайсон Нэмді жеңді. Қазақстандық қарсыласын қазылар алқасының шешімі бойынша жеңіп отыр. Кездесу 56,7 келіге дейінгі категорияда өтті.



Ұқсас тақырыптар