Алматыда Ratel.kz және Forbes Kazakhstan журналистері ұсталды

5.jpg


Алматыда Ratel.kz және Forbes Kazakhstan журналистері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ratel.kz сараптамалық порталының Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

"Редакциямызда құжаттар мен компьютерлер тәркіленді. Бас редактор Марат Асипов, орынбасары Сапа Мекебаев және шолушы Анна Калашникова ұсталды. Форбс редакциясында бас редактордың орынбасары Александр Воротилов ұсталды. Еске салайық, Алматыда Ratel.kz сараптамалық порталы мен Forbes Kazakhstan журналы Зейнолла Кәкімжановтың шағымы бойынша істердің біріне байланысты іске тартылып отыр", - делінген хабарламада.

Мұның алдында екі редакцияда да тінту шаралары жүріп жатқаны хабарланған.

Дереккөз: Тengrinews.kz



Ұқсас тақырыптар