Алматыда 29 адам пәтерін мәжбүрлі түрде босатты

2.jpg


Алматыда 29 адам пәтерін мәжбүрлі түрде босатты, деп хабарлады ҚаАқпарат.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Әміров Ермек айтты.

«2017 жылы толық инветаризация кезінде 29 адам пәтерінен шығарылды. Себебі, тұрғын үй қорынан үй берілгенде олармен келісім шарт жасалады. Сол шарттарға сәйкес олар бірнеше ай қатарынан жалға алу төлемін төлемеген. Сонымен қатар, өздері басқа жерден пәтер сатып алған. Сондай-ақ, жалға алып, ары қарай субарендаға берген азаматтар сот арқылы пәтерін босатты. Биыл да бұл жұмыс жалғасатын болады», - деді Ермек Әміров.

Айта кету керек, Алматыда былтыр 6 мыңға жуық пәтер тұрғын үй қорынан берілген.


Ұқсас тақырыптар