Қызылордада жанармай құю бекетін тонағандар сотталды

4.jpg


Қызылорда облысындағы Қазалы аудандық сотында жанармай құю бекетін тонаған үш азаматқа үкім шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Айыпталушылар алдын ала келісімге келіп, Қазалы қаласындағы жанармай құю бекетін тонауға уағдаласады. Онда кезекшілікте отырған операторды таяқпен соққыға жығып, өз ойларын жүзеге асыруға кіріседі. Беттеріне медициналық бетперде киген бұзақылар жанармай бекетінен 417 мың теңге, 320 литр бензин талоны және 1 электрошокерді алып кетеді. Бекет иесіне 467 мың теңгеден астам шығын келген.

Тонаушылардың екеуі қылмыстық әрекетті жасаса, біреуі сыртта ешкімнің келіп қалмауын бақылап тұрған.

«Басты сот талқылауында сотталушылар тағылған айып бойынша кінәларын  толығымен мойындады. Сот үкімімен сотталушының бірі ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды Ал, қалған екеуі ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 3, 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оларға ҚК-нің 55-бабы қолданылды. Екеуіне  1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленді», - делінген сот үкімінде.



Ұқсас тақырыптар