2019 жылы Алматыда 2 478 дана ортақ есептеу аспабы орнатылады

25.04.18.jpg


Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік  коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.  

Департамент басшысы Болат Қуанышбекұлының айтуынша, заңнамаға сәйкес, тарифтердің айқындығы және алдын ала болжамдылығы үшін монополист өз қызметтерін 5 және одан жоғары жылдар мерзіміне бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері бойынша көрсетуі міндетті. 

Осыған байланысты, уәкілетті органмен «Алматы жылу жүйесі» ЖШС қызметтеріне қолданыстағы тарифтен 10,4% өсуімен 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енуімен 2017-2021 жылдарға арналған тарифтердің шекті деңгейлері бекітілді. Келесі кезеңдердегі тарифтер 2018 және 2021 жылдар аралығында жыл сайын өзгереді.  

Кәсіпорынның арнайы техникаларды жаңартуы арқасында аварияларды тоқтату 17%-ға азайды, бір күнде 600 адамға дейін қызмет көрсете алатын қазіргі заманның «Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы» ашылды, нормативтік техникалық ысыраптар 16,4%-дан 15,6%-ға дейін қысқарды. 

Өндіруші және жабдықтаушы ұйымдардың тарифтерінің айырмашылығын жабу мақсатында 1,3 млрд.теңге көлемінде қаражат іздестірілді, жергілікті бюджеттен 1,9 млрд.теңге бөлінді. 

Алматы қаласына арналған газдың бағасының ең жоғары екеніне қарамастан, Қазақстан бойынша біз 12 орындамыз,-деп айтып өтті ол өз сөзінде. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2012 жылдан бастап жылу энергиясының тарифтері ортақ есептеу аспабының болуы және болмауына байланысты дифференцирленген. Осыған байланысты, есептеу аспаптары жоқтарға есептеу аспаптары орнатылғандарға қарағанда 36%-ға жоғары тариф қолданылады. 

Алматы қаласында 4262 үйде жалпы саны 5282 жылу энергиясын есептеу аспаптары орнатылған. Ол қажетті есептеу аспаптарының 69,6% құрайды.  

Сонымен қатар, аспаптары жоқтарға 1 м2 үшін ақы мөлшері сыртқы ауаның температурасына байланысты, және де басқа айларға қарағанда қаңтар айында ең жоғары. 

Атап айтқанда, бұрын «АлЖЖ» ЖШС ОЕА орнатқанда төлем бойынша 1 жылға дейін бөліп төлеуді қарастырған болса, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ шарт жасалғаннан кейін мерзімі 4 жылға дейнігі бөліп төлеу іске асырылады.  

2019 жылдың соңына дейін 2 478 дана мөлшерінде жалпы бағасы 2 млрд.теңгені құрайтын ОЕА орнатылмақ.  

Және де, 2017-2018 жылдардың жылыту кезеңі үшін халыққа қайта есептеу 2018 жылдың маусым айында жүргізіледі, - деп баяндады департамент басшысы Болат Сәмбетов. 



Ұқсас тақырыптар