Алматыда көлік қозғалысына шектеу қойылды

4.jpg


Алматыдағы Алмагүл және шағын ауданы мен танымал сауда ойын-сауық орталығына демалыс күндерінде көлікпен кіру мүмкін болмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы уақытта Гагарин, Розыбакиев көшелері Қожабеков көшесінен Өтепов көшесіне дейін жабық. 1, 9 нөмірлі тролейбус бағыттары осының салдарынан Атакенттен бұрылуға мәжбүр. Ал 123 және 81-ші автобустар Гагарин мен Өтепов көшелерінің қиылысынан қайтуда. 98 және 30-шы нөмірлі автобустар Жароков көшесінің жабылған бөлігін айналып өтіп жатыр. Көліктер кіретін жол жабық. Осылайша, Алмагүл ауданының тұрғындарына және Розыбакиев пен Қожабеков көшелерінің қиылысындағы сауда ойын-сауық орталығына барам деушілерге Өтепов көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін жаяу жүруге тура келеді.

Жолды жабуға Гагарин мен Розыбакиев көшелерін толық жөндеуден өткізу жұмыстары себеп болып отыр. Аталмыш көшелердің ескі асфальты алынып, орнына жаңа асфальт төселіп, жол жиектері де жаңартылуда.



Ұқсас тақырыптар