Атырауда халықаралық балалар өнері фестивалі басталды

4.jpg


Атырауда «Almaly.KZ» балалар шығармашылығына арналған халықаралық өнер фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл дүбірлі доданы «Таңсәрі» балалар мюзик-шоу театры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі, Атырау облыстық әкімдігі және Атырау қаласы әкімдігі қолдауымен ұйымдастырды.

Байқауға биыл еліміз бойынша 550 өнерпаз өрен келген. «Вокал», «Хореография»,«Актерлік шеберлік» секілді аталымдардың жеңімпаздары халықаралық байқауда бақ сынайды.

«Almaly.kz» фестивалінің директоры Шәрбат Бисалиеваның айтуынша, балалардың өнер фестивалі Атырауда екінші рет өтіп жатыр. Бұл байқауды арнайы әкімшіліктің қолдауымен өткізіп, салтанатты түрде орталық алаңда ашып жатырмыз. Былтыр жүлдегерлеріміз «Славян базарына» барып, Қазақстанның атынан өнерлерін көрсетті.

Македония еліне барып, халықаралық фестивальдың бас жүлдесін жеңіп алды. Фестивальға еліміздің әр өңірінен келген өнерпаздар қатысатын болады. Жас өнерпаздарға Қазақстан, Грузия, Беларусь, Украина, Ресей, Македония және Сербия елдерінен келген әділқазылар төрелік етеді.



Ұқсас тақырыптар