ШҚО-да үш мектептің шатырын жел ұшырып әкетті

5.jpg

Шығыс Қазақстанда үш мектептің шатырын жел ұшырып әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қатты тұрған желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен, салдарынан 11 ғимарат бүлінген. 

Аягөзде қалалық көпсалалық мектеп-гимназиясының шатыры қираған. Сондай-ақ, дауылдан № 10 мектеп-гимназиясының шатыры құлаған.

Аягөз ауданындағы Мамырсу ауылында Ғаббасов атындағы мектептің шатыры қираған. 

Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында табиғи апаттан "Жарма аудандық өңірлік инспекциясы" МБ ғимараты бүлінген. Шар қалашығында "Балауса" балабақшасының шатыры бүлінген. 

Оқиға орындарында жергілікті атқарушы органдардың комиссиялары жұмыс істеп жатыр, ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.  



Ұқсас тақырыптар