Биыл Алматы қаласына 1 млрд теңге субсидия бөлінді

____ _______.jpg


Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингінде айтылды, деп хабарлайды Mezgil.kz.

Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қ.Абдіжаббарованың ақпаратынша, аталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді:

1. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу (АӨК жаңа және кеңейтілген қолданыстағы өндірістік қуаттарды құрудың, оның ішінде инвестициялық жобаның шеңберінде жабдық пен жабдықтарды сатып алу құнын 20-дан 80%-ға дейін өтеу).

Іске асырылған сәттен бастап 1,7 млрд теңге субсидия 

3 компанияның өтінімін мақұлдады. 8 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылып, шамамен 200 жаңа жұмыс орны ашылды.

Мысалы, «Цин-Каз» ЖШС-нің көкөніс салаттар мен соя тұздығы өндіру бойынша 2 жаңа цехы компанияға ресей нарығына шығуға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы Алматы қаласына 1 млрд. теңге субсидия бөлінді. Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 шілдесінен басталады. Бүгінгі күні қаладағы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (2014 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған қарыз алушының кредиттік / кредиторлық /лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру. Субсидиялау пайыздық мөлшерлемені жылдық 7% теңгемен және шетел валютасында 5% төмендету және өтеу мерзімін 9 жылға дейін ұлғайту арқылы жүзеге асырылады. 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 Субсидиялау Қағидаларына сәйкес осы бағдарлама бойынша жаңа өтінімдерді қарау қарастырылмады).

2016 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жіберген 5 қарыз алушыға ("MS"  ЖШС, «Қазагрохолдинг» ЖШС, «Хлебный Дом-Танда» ЖШС, «Вандербик» ЖШС, «Leader Invest Company» ЖШС) 6 келісімшарт  (2013 - 2015 жылдардағы қаржылық сауықтыру бойынша комиссия мақұлдаған) жаңартылды,-деп айтты ол өз сөзінде.



Ұқсас тақырыптар