Алматыда мас жолаушы ұшақ бортынан шығарылды

3.jpg

«Алматы - Орал» бағытындағы ұшақтан 26 жастағы Ресей азаматы мас күйінде бортсеріктерді балағаттап, шу шығарғаны үшін борттан шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алматы қаласы көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары РФ азаматын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 3 бабы бойынша жауапкершілікке тартқан.

Халықаралық әуежайдағы ішкі істер желілік бөлімінің кезекші бөліміне «Эйр Астана» әуе компаниясының «Алматы - Орал» бағытындағы әуе кемесі бортында тәртіп бұзған жолаушы туралы хабарлама келіп түсті.

«Полиция қызметкерлері тексеру барысында борттағы тәртіпті Ресей Федерациясының 26 жастағы азаматтың бұзғанын анықтаған. Ер адам мас күйде өзін дөрекі ұстап, бортсеріктерді балағаттаған және осы әрекетімен жолаушылардың тыныштығын бұзған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес құқық бұзушының жеңіл дәрежедегі мас күйде болғаны анықталған», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері тәртіп бұзған Ресей азаматын ұсақ құқық бұзушылық, қоғамдық орындарда масаң күйде болу және әуе кемелерінде мінез-құлық ережелерін бұзу баптары бойынша үш әкімшілік хаттама толтырған.

Енді ол 5 АЕК, 5АЕК және 3 АЕК көлемінде (31 265 теңге) әкімшілік айыппұл төлейді.



Ұқсас тақырыптар