Оралда 8 жасар бала көлікті ұрап әкеткен

1.jpeg

Оралда сегіз жасар бала "Hyundai" маркалы көлікті ұрлап айдап әкетіп, соққан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Кәмілет жасқа толмаған бүлдіршін Штыбы көшесінде жол жөнделіп жатқан учаскесіндегі бетон блоктарына соқтығысқан.

ЖКО орын алған жерге анықтаушы полицейлер келген. Оқиға орны алған жерді қоршаған олар тергеу амалдарын жүргізген. Ал, ол кезде бала полицейлердің автобусында отырған.

«Бүгінде біз көліктің қожайыны кім екенін анықтап жатырмыз. Эвакуатор шақырдық. Оқиға орнынан ювенальды полиция қызметкерлері келді. Олар баланы үйіне апарып тастайды», - деді тергеуші.

ЖКО орын алған жерге балалар жиналып қалған, оның ішінде кейбіреулері бұл оқиға кейіпкерін көптен бері таниды. Олардың айтуынша, көлік апаты 12 тамызда сағат 18.00 шамасында орын алған.

«Бұл бала бірінші рет көлік ұрлап жатқан жоқ. Ол өзінің бойы кішкентай болғандықтан қайда баражатқанын көре алмай, арасында орнынан тұрып қараған», - деп атап өтті таныс балалардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бір аптада осымен ұрланған үшінші көлік. Ол алғаш рет "Suzuki" маркалы көлікті 6 тамызда ұрлап, "Lada-Granta" көлігімен соқтығысқан.

Сонымен қатар, 9 тамызда "Теремок" дүкенінің алдынан "Тoyota" микроавтобусты ұрлап, көпірдің тірегіне соқтығысқан.

Полицейлер кәмілет жасқа толмаған ұрлықшы баланың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тартпақшы.



Ұқсас тақырыптар