Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Жамбыл облысына барды

7.jpeg

Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров және сенатор Абдалы Нұралиев бірқатар нысанды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Сапар барысында Сенат депутатарының назарын аударған мәселелердің бірі Тараз қаласынан шығатын қалдық суларды арнайы сүзгіден өткізетін орынның болмауы. Осының салдарынан болашақта көрші жатқан Жамбыл ауданы тұрғындары да ауыз судың азабын тартуы мүмкін. Өйткені, тазаланбаған қалдық су жер асты суымен қосылып кетеді. 2000 жылдың тарихы бар Тараз үшін бұл өте өзекті мәселе. Сондай-ақ, сенаторлармен кездесуде елді мекендерді газдандыру мен ауызсу мәселері де көтерілді.

Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров облыс әкімшілігі, мәслихат депуттатарымен аймақтағы мекеме басшыларымен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен де кездесіп, Елбасының Елбасы Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамасының маңызын жан-жақты түсіндірді.

«Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Бұл орайда еліміздің ауылшаруашылығын көтеру аса маңызды. Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керектігін міндеттеді. Бұл – ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға жол ашады»,- деді сенатор.

15.jpeg

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов сенаторларға ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласын дамытудың жол картасы әзірленгендігі, қордаланған проблемаларды шешу үшін оның арнайы тетігі дайындалғандығы жөнінде мағлұмат берді.

 Сондай-ақ, Сенатының төрағасының орынбасары Жамбыл облысы Ішкі істер департаментіне барып, жедел басқару орталығының жұмысын көрді, қызметкерлерімен кездесу өткізді, қабылданған заңдар туралы әңгімеледі, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. Өз кезегінде, Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ағымдағы заңнаманы жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды. «Көтерілген мәселелерде назарға аларлық негіз бар, біз заңнамаларды дайындау барысында бұл ұсыныстарыңызды жан-жақты зерделейтін боламыз боламыз» деп атап өтті Бектас Бекназаров.


Ұқсас тақырыптар