Алматылықтар құрақ көрпе тігуден рекорд орнатты

2.jpg

Алматылықтар қала күнінде құрақ көрпе тігуден рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тұңғыш Президенті саябағында ең ұзын құрақ көрпе тігіліп, Гиннестің  әлемдік рекордтар кітабына енді.

Ұлттық көрпе саябақта  10 900 метр ұзындықты  бойлай төселген.

Еске сала кетсек, ауқымды көрпені тігу көктемде Наурыз мерекесінде басталған еді. Бұл еңбекке  қалалықтар ғана емес, аудан тұғындары да атсалысқан болатын.

Сондай-ақ қала әкімі Бауыржан Байбек алматылықтарға өз лебізін білдірді. Ол жер асты өткелі жұмыстары қалалықтардың жоғары бағасын алғанын айтты.  Әр үшінші аула абаттандырылып, 500 көше қайта жөнделгенін, саябақтар мен скверлер жаңарып, жасыл аймақ кеңейтілгенін, жарықтандырылған 130 тарихи ғимараттың қала түнін нұрландыра түскенін атап өтті.

«Құрметті алматылықтар, әлі де аяқталмаған шаруалар бар. Бірге бар күшіміз бен ынтамызды салып Алматыны әрқайсысымыздың арманымыздағы  қалаға айналдыра аламыз. Шын жүрегіммен қаламыздың көркеюуіне тілеулестігімді білдіремін»,-деді Бауыржан Байбек.

Қала күні аясында ҚР Тұңғыш Президенті саябақында, Панфилов, Жібек жолы көшелерінде, Almaty Arena алаңында, Абай мен ескі «Астана» алаңында, Көктөбе мен Орталық мәдени және демалыс саябағында «Apple Fest»  алма фестивалі    өтіп жатыр.

Салтанатты шарада ел тарихындағы алғашқы елші әйел Ақмарал Арыстанбековаға, халық әртісі Ескендір Хасанғалиевке, ғалым-әдебиеттанушы  Серік Қирабавқа «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Қала күнін тойлау Almaty Arena-дағы   «B-DAY Party » концертімен жалғасып, сағат 21.00 «Астана» алаңында отшашумен аяқталады.


Ұқсас тақырыптар