Суретшілер одағының 85 жылдығына орай қылқалам иелері марапатталды

1.jpg

Алматыда Қазақстан Суретшілер одағының 85 жылдығы мен Алатау ауданының 10 жылдық мерейтойына арналған суретшілер көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін «Ғасырлар тоғысындағы ұрпақтар жалғасы» атты республикалық көрменің бірінші бөлімі Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында ашылған болатын.

Көрменің екінші бөлімі Алматы қаласы күнімен тұспа-тұс келіп «Алматы-арена» спорт кешенінің арт-орталығында ашылды.

Көрмеде кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер саласы бойынша қазақстандық суретшілердің шығармашылық туындылары қойылады. Республикалық көрмеге Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Түркістан, Семей өңірінен суретшілер қатысты.

Көрме аясында бірнеше суретші Суретшілер одағының 85 жылдық мерейтойына орай марапатталды.

«Көркем кескіндеме» аталымы бойынша Серікбай Әлжан, «графика» аталымында Ғани Баянов, «декоротивті қолданбалы өнер» аталымында Анаурбек Айдосов және Қами Айтқалиев «Монументальды-декоративті өнер» аталымы бойынша марапатталды.



Ұқсас тақырыптар