Жетісу жерінде Астана күндері өтуде

dsc_2218.jpg

Жуырда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов Астана қаласының күндерін өткізуге Талдықорғанға арнайы келген делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Mezgil.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Жетісу жеріне қош келдіңіздер! Осыдан бірнеше күн бұрын Астанда Алматы облысының күндерін өткізіп қайтқан едік. Енді, міне, бүгін астаналықтармен тағы да қуанышты жағдайда қайта қауышып отырмыз. Елбасы өңіраралық байланыстарды дамыту туралы үнемі айтып келеді. Сондықтан облысаралық, қалааралық қарым-қатынасты нығайту,  экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдете түсуге біз қашанда пейілдіміз. Бұл Астананың 20 жылдығы шеңберінде тіпті айшықтала түсті.  Бас қаланың 20 жылдығын Алматы облысының халқы да кеңінен атап өтті. Бұдан былай да байланыстарымыз нығая береді деген сенімдемін, - деді Л. Тұрлашов.   

ED2_8942.jpg

Өз кезегінде астаналықтар атынан сөз алған Астана қалалық мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов жетісулықтардың қонақжай пейілдеріне ризашығылығын білдірді. 

- Елорданың 20 жылдығына орай Астана күндерін әрбір облыста өткізу дәстүрі жалғасып келеді. Алматы облысынан кейін Алматы қаласына сапарлап, сонымен Астана күндері шарасын қорытындылағалы отырмыз. Бас қаланың талантты өнерпаздары, актерлері, шығармашылық ұжымдары жетісулықтарды өз өнерлерімен тәнті етеді деп ойлаймыз, - деді Ж. Нұрпейісов сөзінің қорытындысында. 

ED2_9081.jpg

Кездесу соңында қонақтарға Жетісудың киелі жерлері тұтас қамтылған карта сыйға тартылды. 

Атап өтсек, Астананың Алматы облысындағы күндерінің аясындағы шаралар 16-19 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Сапар аясында І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында, Көркемөнер галереясында, Б. Римова атындағы драма театрында, облыс әкімдігінде өнер ұжымдарының концерттері, көрмелер, спектакльдер, бизнес-форум және басқа да шаралар өткізілуде. 

ED2_9239.jpg

Ұқсас тақырыптар